Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Туған жер-туған ел" интерактивті сабақ

Автор: admin от 1-02-2018, 21:26, посмотрело: 585

26 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған
«Туған жер – туған ел» тақырыбында интерактивті сабақ туралы мәлімет

№38 Сұлутөр орта мектебінде 30.12.2017 жылы 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай бірқатар «Туған жер- туған ел» тақырыбында 9-11 сынып аралығында интерактивті сабақ өтті.
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында өтті.
Қазақ елі суреттер, нақыл сөздер, Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ. Р. рәміздері, Интерактивті тақта, бейнефильмдер/ «Сұлтан Бейбарыс», «Балалық шағымның аспаны», т.б/ көрсетілді.
Сабақ барысында «Сұлтан Бейбарыс» фильмінен үзінді көрсетілді. Фильмде ХІІІ ғасырдағы кресшілердің жаулап алуы және Таяу Шығысқа моңғол-татарлардың басып кіруі туралы көрсетілген. Бейбарыс – шынай тұлға, қыпшақтан шыққан Египет сұлтаны, құл бола тұра, билік биіктеріне жетіп, өзінің бүкіл өмір жолын есіне алады.
«Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрсетілді. Бұл фильмде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы туралы түсірілген. Әр фильмнің соңында оқушылар өздерінің пікірлерімен бөлісті.
Сыныпта Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған бұрыш жасалынды. Елбасымыздың өмірі мен қызметі туралы баяндап өтті.
Видео ролик «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» -2017 жылы 12сәуірде Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді. Мақалада: Еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы жарияланған. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз болып табылады.
Әр бейнефильмнің соңында талқыланатын сұрақтар қойылды.
Осы сабақ арқылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты жаңа бағдарламалық мақаласында талқыланған еліміздің негізігі даму бағыттарын ашып көрсетті.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мәселелер туралы ойланып қана қоймай, өз кезегінде оны шешудің нақты жолдарын көрсететін бағдарлама. Елбасымыздың мақаласында баяндалған бағдарламалық шаралар Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға ықпал етіп, жастардың бойындағы патриотизм және азаматтық сана-сезімнің арттыра түсуіне әсері көп екендігі туралы мағлұматтар алдық.


ДТЖО: Ж.Д.Жолаушыбаева




Категория: ---

 

"Мектепке жол" акциясы

Автор: admin от 1-02-2018, 21:22, посмотрело: 642

51 2017-2018 оқу жылындағы №38 Сұлутөр орта мектебінің «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру есебі

«Жамбыл облысының білім басқармасы» ММ 07.08.2017 жылғы № 4-4300 «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы» бұйрығы, «Қордай ауданы білім бөлімі» ММ 31.07.2017 жылғы № 164 бұйырығы негізінде, № 38 Сұлутөр орта мектебінің 08.08.2014 жылғы № 94 бұйырығы аясында 2017 жылдың 7 тамызымен 30 – шы қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдыналу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Осы мақсатта Сұлутөр ауданында акция жалғасын тапты. «Мектепке жол» акциясы барысында «Менің қалауым-балаларға көмек көрсету!» атты ұранымен енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы отырған, №38 Сұлутөр орта мектебінің оқушылары, толық емес отбасынан шыққан Мукаш Динара, Назар Света, Мұратқан Динара - Сұлутөр ауданы әкімі – Мырзағұлов Е.Ә., №38 Сұлутөр орта мектебінің ұжымы, толық емес отбасынан шыққан Алимбай Фариза – «Жас Қанат» шаруа қожалығының басшысы Акилов А.Б. Әділхан Аяна – «Амирхан» шаруа қожалығының басшысы Косаков М.А. Сұлутөр ауылының азаматы Момбеков Алибек Даулетұлы өз тарапынан 18 балаға қаржылай және заттай көмек көрсетті.Осы аталған кісілер балаларға мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз етіп өз көмектерін көрсеті. Сонымен қатар 14 толық емес, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасы, жалғыз басты аналарға тегін киіммен қамтылды. Барлығына 15 мың тенге қаржылай көлемінде көмек көрсетілді.
Осы демеушілер өз көмектерін көрсетті. Демеушілерге алғыс білдіреміз.


№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Көмек көрсеткендер Қандай көмек көрс етілді Сомасы
1 Әділхан Аяна 4 Косаков М.Ә сумка 5000тг
2 Жарғожа Ботагөз 8 Мектеп ұжымы қаржылай 7000тг
3 Сейдахметова Эльвира 8 Момбеков А.Д. Заттай 12000тг
4 Құдайберген Медет 10 Момбеков А.Д. Заттай 12000тг
5 Тохтар Мадияр 10 Момбеков А.Д. Заттай 12000тг
6 Сейдахметова В. 1 Момбеков А.Д заттай 10200
7 Жайдарин И. 3 Момбеков А.Д заттай 4300
8 Тохтар М. 6 Момбеков А.Д заттай 6300
9 Нұрланқұл А. 3 Момбеков А.Д заттай 2000
10 Қуатқан А. 1 Момбеков А.Д заттай 2000
11 Құдайберген М. 10 Момбеков А.Д заттай 2800
12 Нурпайда Н. 1 Момбеков А.Д заттай 2800
13 Бақыт А. 2 Момбеков А.Д заттай 2000
14 Дойшы Ж. 2 Момбеков А.Д заттай 2800
15 Әділхан А. 4 Момбеков А.Д заттай 1600
16 Жолаушыбаев А. 2 Момбеков А.Д заттай 4400
17 Нұртас Ұ. 4 Момбеков А.Д заттай 2300
18 Тебердиев А. 11 Момбеков А.Д заттай 1500
19 Аманкелді А. 0 Момбеков А.Д заттай 2400
20 Тоқберген А. 6 Момбеков А.Д заттай 1600
21 Алипбаев Б. 2 Момбеков А.Д заттай 3600
22 Райымбекова А. 5 Момбеков А.Д заттай 3200
23 Несіпбай Б. 5 Момбеков А.Д заттай 4300
24 Алимбай Фариза 2 Акилов Асхат Мектеп формасы, оқу құралдары 20000тг.
25 Назар Света 6 Мектеп ұжымы Мектеп формасы, оқу құралдары 15000тг.
26 Мукаш Динара 7 Ауыл әкімі
Мырзағұлов Е.Ә. Мектеп формасы, оқу құралдары 15000тг.





Мектеп директоры: А.Б.Тлеукабылова

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ "Ескендір" поэмасы

Автор: admin от 11-04-2017, 22:47, посмотрело: 5708

273 «Ескендір» поэмасы Ашық сабақ
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10- сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты: білімділік – Оқушыларға «Ескендір» поэмасының мазмұнын меңгерту, идеясын ашу, поэмадағы кейіпкерлерге талдау жұмысын жүргізу, шығарма астарындағы тарихи шындықты таныту.дамытушылық - әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;тәрбиелік – оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа баулу, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі-өнеге алып,оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Абай шығармашылығына талдау жасай отырып, білімдері толығады.
2. Поэманы өз беттерімен оқып талдау жасайды.
3. Шығарманы композициясына, поэтикалық тіліне талдауға жаттығады.
Не арқылы бағаланады?
1. «Ассоциация»
2. Сатылай кешенді талдау
3. «Ойлаудың алты қалпағы»
4. Кері байланыс «Бес саусақ»
Көрнекілігі: тақтада «Даналықты іздесең,Абайды оқы,ерінбе» деген эпиграф және Абайдың портреті,қанатты сөздер жазылған плакаттар,үлестірмелі кәртішкелер, буклет,журналдар.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап, интерактивті оқыту, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. «Ой шақыру» ст. 1-2 слайд
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ,ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
Иә, бұл - Абай атамызға арналған өлең жолдары.
-Ендеше, алдымыздағы түрлі –түсті стикерлерді таңдата отырып, «Ретке келтіру» әдісі арқылы 2 топқа бөлемін.
Ұлы Абай атамызға арналған өлең жолдары екенін нақтылау үшін, қандай дәлел айтар едіңіздер?
Үй тапсырмасын сұрау: 3-4 слайд
Ол үшін өтілген материалды қайталай отырып , топтастыру әдісі бойынша екі топ та тапсырма орындайды. . (интербелсенді тақтада)
1-топ. Абайға сипаттама;
2-топ. Абай шығармашылығын топтастырады.
2 топтан да жаттаған өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтады. 5 сл.
Жаңа сабақ: 1.Қызығушылықты ояту кезеңі
«Ой қозғау» әдісі Бұл не? 6 сл.
Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айтады.(Таразы, таразыла, ой таразысы, ақыл таразысы)
- Ендеше, Абай атамыз: 7-сл.
1. Ойға түстім толғандым
Өз мінімді қолға алдым...
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым- дейді хәкім Абай.
2. Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес,
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.-деген.
Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық.
Абай поэмаларын атап, қай поэмасында таразы қолданылатындығын айтайық.
8 сл.
Бірінші тақтадағы эпиграфты оқып,бүгінгі сабақтың ерекшелігі туралы,яғни Абай поэмасынан сабақ, алып даналықты тере отырып талдау жүргізілетіні айтылады
2. Мағынаны тану кезеңі
Тақырыбы мен мақсатын таныту, күтілетін нәтиже 9-10 сл.
А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» 11 сл.
(Оқушылар Ескендір, Аристотель жайлы мәліметтер келтіреді.) 12-13-14-15 сл.
деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау.
Ескендір поэмасы – Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой- пікірлерін тереңірек танытатыны.
Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропаға Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
а) «Ескендір» дастанын мәнерлеп оқу.
Мәтінмен жұмыс 2 топ (постер жасап қорғайды)
1-топ «СКТ» (сатылай- кешенді талдау) технологиясы бойынша талдау жүргізу.
1. Авторы-Абай Құнанбайұлы
2. Тақырыбы- Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.
3. Жанр түрі-поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы-ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны-42
6.Тармақ саны-168
7.Буын саны-11-12
8. Бунақ-3 бунақты
9.Ұйқас түрі-қара өлең ұйқасы (ааба)
2-топ.Шығарманың композициялық құрылысы:
Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
Сюжеттік байланыс(дамуы) Елсіз шөлге тап болуы.
Өлдім-талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
Шиеленісуі. Алтын қорған «Бұл-Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
Шарықтау шегі. Алған сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек
.Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
1. Шығарма кейіпкерлері:Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да , философ та-Ескендір емес, Аристотель.
2.Дастанда екі образ бар. Бірі-Ескендір, екіншісі-Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.
3.«Ішке» Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам» ,білімдар, діндар, деп бағалайды.
4.«Сыртқа» Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
5.Әдеби теориялық ұғымдар:Теңеу- дарияның суындай қандар ақты; таспадай бейне арықтан шыққан құлап. Эпитет-сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.
6.Түсіндірме сөздік:
Жеміт-қанағатсыз, тойымсыз, озбыр;
Араны ашылды-тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу;
Даңғой-елірме, есер, желікпес;
Долы-ыза кернеген, булықпа, ызақор.
Ант ұру-айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз;
7.Көнерген сөз: Шаһар, патша, ғаскер, хан, бодан, өкімет, қол, қорған, қақпа, падиша, шаужай.
8. Мифиологиялық оброздар: Табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, орамалға түйілген сүйек.
9.Аристотельге сипаттама
10.Ескендірге сипаттама
. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе-күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды, қанағатшыл болуға үндеу.
Бекіту: Кері байланыс «Ойлаудың алты қалпағы»
«Қызыл қалпақ» -Түйсік
Эмоция: Менің түйсіктік реакциям қандай? Мәтін туралы өз ойыңызды жазыңыз.Ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
«Ақ қалпақ»- Фактілер
Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңыз бар, тарихта болған адам. Данышпан да , философ, Аристотель, грек ғалымы, математик.
«Сары қалпақ»- Позитив
Жағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы қандай? Аристотельдің құрметті есімі, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам»
«Қара қалпақ»-Жағымсыз
Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз.Ескендір елде алмаған хан қоймады,Алған сайын көңілі бір тоймады.Араны барған сайын қатты ашылып,Жердің жүзін алуға ой ойлады.. Ескендір - Қанішер, қатыгез, тойымсыз, даңғой...
Жасыл қалпақ-Креатив
Менде қандай идеаялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?Ескендір әлемді ақылымен, білімімен, данышпандығымен жауласа болар еді.
«Көк қалпақ» -шолу /үндеу/
Әлемде тек қана бейбітшілік салтанат құрсын!Лаңкестік болмасын!Соғыс болмасын! Адам қаны жазықсыз төгілмесін...
Қорытындылау: Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса,біз осы поэмамен танысып,талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?
-Пендешіліктен арылуға
-Иманды болуға
-Арлы болуға
-Қанағат етуге
-Ашкөзділіктен сақтануға
-Ойланып іс жасауға
-Күлкіге қалмауға

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.Елбасының сөзімен қорытындылау.
Үйге тапсырма:1. «Ескендір дастаны мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.
2.Шығармашылық тапсырма: “Ұлыдан-ұлағат” Абай шығармашылығы бойынша ізденіп, эссе жазу.
3.Кейіпкерлердің мінезін ашатындай мақал-мәтелдер біліп келу.









Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

денешынықтыру " Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру."

Автор: admin от 11-04-2017, 22:42, посмотрело: 778

11 Сұлутөр ауылы
№ 38 орта мектеп




















Пәні: Дене шынықтыру


Пән мұғалімі: Кистаубаев Е.К.

Сынып: 8



2014-2015 оқу жылы








Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.

Мақсаты: - Оқушыларды спортқа баулу.
- Оқушыларды баскетбол ойынына баулу.
- Допты жерге соғып алып жүру,кедергілер арасынан өтуді үйрету және допты әріптесіне беруді үйрету.
Құрал жабдық : Баскетбол доптары , кегли, ысқырық

Сынып: 7
Сабақ өтілу орны : Спорт зал .
№ Сабақтың мазмұны Уақыт қайталау Жалпы методикалық нұсқау

Ж
А
Л
П
Ы



Д
А
Й
Ы
Н
Д
Ы
Қ


Б
Ө
Л
І
М



















































Н
Е
Г
І
З
Г
І





Б
Ө
Л
І
М
1. Сапқа тұру
2. Рапорт беру , сәлемдесу.
3. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
4. Қатардағы жаттығуларды
оң-ға!
сол-ға!
арт-қа!
5.Әртүрлі қалыпта жүру
А) Қол жоғарыда аяқтың
ұшымен жүру.
Б) Қол желкеде, аяқтың өкшесімен
жүру.
В) Қол белде аяқтың сыртқы
қырымен жүру .
Д) Қол белде аяқтың ішкі қырымен
жүру.
6. Спорттық жүріс.
7. Жүгіру.
8. Тыныс алуды қалыпқа келтіру .






9. Жалпы дамыту жаттығуы



1-жаттығу. Б.қ қол белге , аяқ иық
денгейінде, 1-4 басты оңға айналдыру, 5-8 солға айналдыру.
2-жат. Б.қ аяқ иық денгейінде, қол иыққа 1- оң қолды жоғары көтеру, 2-сол қолды жоғары көтеру, 3-4 Б.қ келу
3- жат. Б.қ сол денгейде 1-2 қолды алдыға айналдыру, 3-4 артқа айналдыру
4- жат. Б.қ оң қол жоғары, сол қол төмен жұдырықты жұмып тұрамыз, 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 қолды алмастыру арқылы.
5- жат. Б.қ аяқ иық денгейінде, қол бүгулі кеудеге, 1-2 қолды бүгу арқылы артқа сермеу, 3-4 қолды жазу арқылы.

6- жат. Б.қ аяқ иық денгейінде, қол алдыға, 1-2 қолды қайшылау, 3-4 артқа қайшылау.
7- жат. Б.қ Қол белге, аяқ иық денгеінде, 1-4 белді оңға айналдыру, 5-8 солға айналдыру .
8- жат. Б.қ аяқ иық денгейінде, қолды төмен қосып ұстау, 1- оң аяққа енкею, 2- ортаға , 3- сол аяққа, 4- Б.қ келу.
9- жат. Б.қ Н.т 1 секіру арқылы аяқ иық денгейіне екі қолмен жоғарыдан шапалақ, 2- Б.қ , 3-4 қайталау
10- жат. Б.қ қол алдыға, 1- секіру арқылы оң аяқты сол қолға жеткізу, 2-Б.қ, 3-сол аяқты секіру арқылы оң қолға жеткізу, 4- Б.қ.
11-жат. Секіру жаттығулары
оң аяқпен он рет секіру
сол аяқпен он рет секіру
қос аяқпен он рет секіру
12- жат. Оң санағанша аяқтан ұстап тұру.
13- жат. Бір орнында жүгіру.
14- жат. Тыныс алуды қалыпқа келтіру.



Арнайы баскетбол
жаттығуларын жасау.

1-жаттығу. Оқушыларды сапқа тұрғызып, допты жерге соғып алып жүру әдісін үйрету және
1.көрсету
2.түсіндіру
3.іс-әрекеттің орындалуы











2-жаттығу. Оқушыларды үш топқа
бөліп,допты жерге соғып алып жүгіру
арқылы,кедергіден айналып келу.
1.көрсету
2.түсіндіру
3.іс-әрекеттің орындалуы







3- жаттығу.Допты жерге соғып кедергілер арасынан өтіп ,тік қайтып әріптесіне допты
беру.









4- жаттығу.Допты жерге соғып әрбір
кедергіден айналып, тік қайтып әріптесіне
допты беру.






5- жаттығу.Кедергілер арасынан допты жерге соғып алып жугіру арқылы әріптесіне допты беру.












6- жаттығу. Логикалық ойындар:
Оқушыларды екі топқа бөліп ,1топ Допты жерге соғып алып жугіру арқылы ,кедергінің арасынан өтіп допты қойып кеглиді алып келуі тиіс, екінші бала кеглиді ұстап ,кедергілер арасынан өтіп кеглиді қойып, допты жерге соғып тік қайтуы тиіс.












2 топ Допты жерге соғып, алып жугіріп барып торға салуы тиіс,егер доп калцоға түспесе, онда ол бала бұрышқа барып он рет отырып тұрады. 10






1I



15II



1I








1I
3I
15II






8I



2-3 рет


3 рет


4-5 рет


4-5 рет



6 рет



6 рет


6-7 рет


5-6 рет


7 рет


7-8 рет

30 рет


10 II
20 II
10 II







3I


3I
















3I












3I












4I









3I














5I

















Рапорттың дұрыс берілуін қадағалау, спорттық киімге көңіл бөлу.





Қолды тік ұстап тұру.


Денені тік ұстап жүру.



Денені тік ұстап жүру.



Бір қалыпты және қолды жоғары көтеру арқылы ауаны ішке жұтып, қолды төмен түсіру арқылы сыртқа шығару.







Көзді жұмбай жасаймыз


Денені тік ұстап тұру


Денені тік ұстап тұру


Қолды түзу ұстау



Денені тік ұстау



Қол иық деңгейінде


Денені тік ұстап тұру


Аяқты бүкпей жасау


Денені тік ұстап тұру


Қолдың төмен түсіп кетпеуін қадағалау





Аяқты бүкпей тұру










Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау
Қ
О
Р
Т
Ы
Н
Д
Ы

Б
Ө
Л
І
М 1.Сапқа тұрғызу
2.Оқушыларды түгелдеу
3.Үй тапсырмасын беру
4.Бағалау










5I
Сабаққа қысқаша анализ жасау
















Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Семинар - практикумның тақырыбы: « Мектепте патриотизмге, интернационализмге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құрметтеуге тәрбиелеу формалары мен әдістері түрлері» .

Автор: admin от 9-04-2017, 23:08, посмотрело: 531

11

            

 

 

 

 

 

 

   Қордай ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті

 

                                              № 38 орта мектеп

 

 

 

Семинар - практикумның тақырыбы:

 « Мектепте патриотизмге, интернационализмге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құрметтеуге тәрбиелеу формалары мен әдістері түрлері» .

 

 

 

 

 

                                                 Мақсаты:

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Оқушылардың Алғашқы әскери дайындық пәніне танымдық қызығушылықтарын арттыру;

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Оқушылардың интеллектуалдық сапасын және ойлау қаблеттерін дамыту;

 

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудағы іс- тәжірибелермен алмасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Семинар – практикумның жұмыс жоспары

 

 

 

             Мазмұны

  Сыныбы

Уақыты

Өтетін орны

       Жауаптылар

 

1.

 

Семинарға қатысушыларды тіркеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№38 орта мектеп

 

 

Ж.Д.Жолаушыбаева

 

 

 

2.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Радиациялық және химиялық барлау мен бақылау аспаптары».

 

       

 

   

        11

 

 

 

 

10.00-10.45

 

 

 

 

АӘД пән мұғалімі Е.К.Кистаубаев

 

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

 

Ауған соғысының аяқталуына 27 жыл.

Сабақтан тыс іс-шаралар.

 

 

 

 

 

 

 

7,8,9,10,11

  сыныптар

 

 

 

 

 

 

 

11.00-12.30

 

 

 

 

 

АӘД пән мұғалімі Е.К.Кистаубаев;

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Н.К. Иманбаева;

Д/ш мұғалімдері.

 

4.

 

Өткен іс-шараларды талқылау. Әртүрлі сұрақтар.

 

 

 

12.45-13.30

 

АӘК әдіскері

Мырзагулов А.

АӘД пән мұғалімдері.

 

 

 

 

 

 

 

                                           Аты жөні:    Кистаубаев Ершат Кадырбекович

                                    Туылған жылы:11.06.1967ж.

                                     Бітірген оқу орны: М.Хайдар Дулати атындағы Тараз 

                                                                                   Мемлекеттік Университеті.

                                    Мамандығы: Дене шынықтыру және Алғашқы әскери дайындық  

                                                                                                                             пәнінің мұғалімі.

                                    Еңбек өтілі: 20 жыл

                                    Біліктілік санаты: бірінші

 

Марапаттары

 

<!-- [if !supportLists] --> 1.      <!-- [endif] --> Қордай аудандық білім бөлімінің Мадақтау грамотасы, 2010 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 2.      <!-- [endif] --> Қордай аудандық Ауған соғысының ардагерлер бірлестігінің Құрмет грамотасы, 2011 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 3.      <!-- [endif] --> Аудандық Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің байқауынан  І орын, Алғыс грамотасы, 2012 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 4.      <!-- [endif] --> Аудандық Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің байқауынан ІІІ орын, Мадақтама грамотасы, 2014 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 5.      <!-- [endif] --> Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының,Мақтау грамотасы, 2014 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 6.      <!-- [endif] -->  Қордай аудандық білім бөлімінің Мақтау грамотасы, 2015 жыл.

 

 

             <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->     <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->       <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->                                              

 

       <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->      <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->        <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

       « Радиациялық және химиялық барлау және бақылау аспаптары».

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:

Оқушылардың радиациялық және химиялық аспаптардың құрылымын, қасиеттері мен арналуын, жұмыс принциптерін, аспаптарды күтіп ұстау және сақтау ережелері туралы білімдерін пысықтау.

 

Дамыту:

 Оқушылардың ой-өрісін, іскерлігін, шығармашылық қаблетін және АӘД пәніне қызығушылығын арттыру.

 

Тәрбиелік:

Патриоттық сана-сезім қалыптастыру және әскери тәртіпке тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: меңгеру сабағы;

 

Сабақтың түрі: зерттеу сабақ.

 

Әдіс-тәсілдер: Жаңа оқыту  технолногияны қолдану.

 

Керекті құрал-жабдықтар:

  - ДП-5В – дозиметрлік аспабы; химиялық барылау әскери аспабы(ХБӘА); компьютер; .

 

 

                                                              Сабақтың жоспары:

 

 

      1.Ұйымдастыру кезеңі;

      2. Үй тапсырмасын қайталау; 

      3. Негізігі бөлім. Жаңа тақырып.Зерттеу сабағы.
      3.Қорытындылау. Бағалау.

      4. Үйге тапсырма беру.

                                                        

                                                                 

 

 

                                                                Сабақ барысы:

 

                                                Ұйымдастыру кезеңі:- 10 мин.

 

1)  Взвод командирдің рапорты.Сәлемдесу. Әнұранды орындау. Түгелдеу.  Оқушылардың сыртқы киімдерін тексеру. Взводты екі топқа бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           Негізгі бөлімі- 25 мин.

                                              

                                                

                                              Үй тапсырмасын қайталау - 6 мин

 

Бейнефильмдердің үзінділерімен жұмыс;

Санитарлық өндеу түрлері(Дегазация; дезактивация; дезинфекция).

 

<!-- [if gte vml 1]>

Биологиялық

(бактериологиялық)

қару.

<!-- [if !vml] --> Прямоугольная выноска: Биологиялық (бактериологиялық) қару. <!-- [endif] --> <!-- [if gte vml 1]>

дезактивация

<!-- [if !vml] --> Овальная выноска: дезактивация <!-- [endif] --> <!-- [if mso & !supportInlineShapes & supportFields]> SHAPE \* MERGEFORMAT <!-- [if gte vml 1]>

дегазация

дезинфекция

Химиялық қару.

Ядролық қару

<!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->
<!-- [if mso & !supportInlineShapes & supportFields]>

 

Тірек сызбанұсқасымен жұмыс – оқушылар сызбанұсқа бойынша сипаттама береді.

 

 

                                   Аспаптармен танысу-10 мин

               

 Радиациялық (ДП-5В)  және химиялық (ХБӘА) барлау,  бақылау аспаптармен танысу.

                   Бес минөттан кейін аспаптармен алмасу. Оқушылар аспаптарды зерттейді.           

                   Дәптермен жұмыс.

 

                                     Презентация және түсіндіру  бөлімі -13 мин

 

 Мұғалім ДП-5В және ХБӘА аспаптардың құрылымымен, тағайындалуымен, жұмыс принциптерімен қосымша таңыстырады.

   Мұғалім ренгенометр- радиометрін көрсетеді және аспаптың гамма – сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдануы гамма-радиация деңгейлерін өлшеуге арналғанын түсіндіреді. Гамма-сәулелену қуаты (радиация деңгейі) аспаптың тиісті белгісі орналасқан кеңістік нүктесі үшін миллирентгенмен немесе 1 сағаттағы рентгенмен анықталады. Бұған қоса, бета-сәулеленуді табу мүмкіндігі де болады.

Аспапты жұмысқа дайындау кезінде:

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> кезектілікті сақтай отырып қоректендіру көзін қосу, ажыратып- қосқыш тұтқасын «Режим бақылау» жағдайына қою, бұл ретте аспап меңзері боялған секторда орнығуы тиіс;

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> қоректендіру бөлігінің қақпағын жабу, қаптама белдікті тағу жіне аспапты кеудеге орнату, оған бас телефондарын қосу;

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> детекторлау блогының экранын «К» жағдайына (контроль-бақылау) қою.

Қосымша диапазондар ажыратып-қосқыш тұтқасын х1000, х100, х10, х1, х0,1 қосымша диапазонына кезектестіре әкелу. Бұл ретте х1000, х100 қосымша диапазондарында меңзер ауытқымауы мүмкін, бірақ телефонда шықылдар естіледі және аспап меңзері тербелуі тиіс;

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> экранды «Г» жағдайына қою, ұзартқыш тіректі белдікке бекіту.

Аспаптың барлық қосымша диапазондарда дыбыстық сигналдандыру болады.Есептеудің кепілдік берілетін ділдігін алу үшін қажетті аспап көрсетулерін белгілеу уақыты (қлшеу уақыты) 45 сек-тан аспайды.

   Аспапты қоректендіру үш КБ-1 қоректендіру элементтерімен жүзеге асырылады. Межелікті жарықтандыру үшін тағы да бір осындай элемент пайдаланылады. Жинақталым қалыпты жағдайларда жаңа элементтерді пайдаланған кезде 55 сағ-тан кем емес уақыт ішінде үздіксіз жұмыс істеуге қаблетті.

  Аспапта кернеуі 12 және 24 В тұрақты тоқтың бөгде қоректендіру көздерінен қоректендіруге мүмкіндік беретін көшпелі кернеу бөлгіш бар. Аспаптың массасы 3,2 кг-нан аспайды.

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->    І – топ. ДП-5В аспапты зерттеу кезінде

 

 

Алдымен ХБӘА-ның сыртқы бейнесін көрсету керек және оның ауада , жергілікті жерде, сондай-ақ техникада зарин, заман, иприттің, сондай-ақ ауада \/ газының, фосгеннің, дифосгеннің, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның булары бар екендігін анықтауға арналғанын түсіндіру керек. Массасы – 2,2 кг-дай.

  Аспап жинақталымына үш түрлі индикаторлық түтікшелер кіреді: заман, зарин мен

 \/ газының бар екенің анықтауға арналған бір қызыл сақина мен қызыл нүкте; фосген, дифосген, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның бар екендігін анықтауға арналған бір сары сақина. УЗ-ны анықтау кезінде қоршаған ауа температурасы төмен болса индикаторлық түтікшелерді қыздырғыштарда -10 град.С-тан + 15 С-қа дейін қыздыру қызметін атқарады. Температура +15 С-тан төмен болған кезде спиртке түтікшелерді қыздыру үшін; температура 0 С және одан төмен болған кезде заман үлгілі УЗ-ға түтікшелерді қыздыру үшін; индикаторлық түтікшелердегі ампулалардың құрамын еріту үшін пайдаланылады.

Екі-үш оқушыдан аспап құрылысын қалай меңгергенін сұрап тексереді.

 

 &

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

"Ұлы күнді күткен күн!" атты іс-шара /Ұлы жеңістің 71 жылдығы/

Автор: admin от 8-04-2017, 02:47, посмотрело: 1139

59

"Ұлы күнді күткен  күн!"

(Ұлы жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты сап)

Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, мәнерлеп оқуға үйрету.

Сөздік қорлары мен ой – өрісін, әртістік қабілеттерін дамыту.

 Отанға деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрете отырып, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

Түрі: сахналық қойылым

Қатысушылар:  7-9-10-сынып оқушылар

Кіріспе сөз:  І жүрг:

 Ұлы кешке сенген күн,

 Фашистерді женген күн.

 Ағаларға ерген күн,

 Ұлы күнді күткен  күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Ұлы күнді күткен  күн!» атты Ұлы жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты сабымыздың  ашылу рәсімін мектеп директоры Тлеукабылова А.Б. қызына сөз беріледі.

Ендігі кезекте сахналық қойылым спектакль концертімізді тамашалаңыздар

  Кіріспе сөз Е-е-е, дәрен-ай деген ол кезде мен хат тасушы бала едім.Мына хатта,әр жылдың ғұмыры бар.71жыл бойы жігерімді жаныған,жүрегіме қан,жаныма жан қосып,қанатыма қанат бітірген тылсым күш пен рух бар. Әр жалында тарих,әр сөзінде тағдыр, әр әрпінде ар намыстың рухы бар.Бейғам халық, бейбіт күн!

Ағам, мектеп бітірісімен –ақ, колхоздың егістік алқабында 2 жыл механизатор болып жұмыс істеді.Ендігі үлкен сапарға, оқуға  аттанамын деп жүрген кезі. 1941жылдың маусым айы, ағам бұл күнді  ұзақ күткен, аңсаған  арманына жетуге қол созым ғана уақыт қалғандай сезініп, өзін қоярға жер таппай тағатсыздана толқитын. Міне, сол күнде келіп жетті.Бірақ, бірақ дәл сол күні, бұлтсыз ашық күні, аспаннан төбесіне жай түскендей болды.Ар жағы, құдды  түс көргендей.

Вальс ойнап тұрады. Сахнада түлектер жұптасып билеп жүр. Олар жай, ақырын әңгімелесуде.

Кенеттен музыка тоқтап, сырттан авиабомба, снарядтардың жарылған дыбысы естіледі. Қыздар қорыққандарынан қолдарымен басын бүркіп тұр. Ал жігіттер оларды құшақтарына қысып, қорқыныштан сақтағысы келеді. Бәрі жан-жақта.

Радиотораптан диктор Левитанның қатқыл дауысы естіледі.

1-жүргізуші: Адамдардың тыныш өмірі бұзылды. Арман, махаббат, бақыт – бәрі өртке өртенгендей бір сәтте сөнді де қалды.

 (ақ түсті көйлек киген қыз балалар сүйіктілерін құшақтап, жылап тұр.)

Ән: Хор  "Священная война":

Вставай, страна огромная,
Вставай на смертный бой
С фашистской силой тёмною,
С проклятою ордой!

Пусть ярость благородная
Вскипает, как волна!
Идёт война народная,
Священная война!

Пусть ярость благородная
Вскипает, как волна!
Идёт война народная,
Священная война!

 5) Қойылым: «Ананың баламен қоштасуы»

Ағасы:  -Есжан, апаң мен жеңгеңе қарайлас.

О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде  көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!

Баласы:

Апа! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам! Анасы:  - Құлыным!

Анасы:         Аман барып, аман келші (жылайды,кел. мен баласы сүйемел. )

 (Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады)

6) Ән: Хор «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

 7) Көрініс:  «Анасының хаты» (Сағыныш хат)

Құлыным, аманбысың! Тағдырдың тажал төбетін тымақтай сілкіп жүрмісің?...  Қайтейін , қарғам-ау , сені аялап өсіріп, енді азамат болғанда, ажалмен айқасуға  шығарып салам деп, үш ұйықтасам түсіме кірді ме екен!? Бүгін таңға жуық көзім ілініп кеткен екен, дәл құлағымның түбінен,«апа ,уайымдама! Мен Жеңіспен ораламын»  деген дауысың анық естілді.

Ия,ия... жарығым, тілегің қабыл болғай жарығым!... Өйткені сен, сен біздің ошақты ғана емес...  Мына, мына қалың еліңнің үмітінің сәулесін жағуға тиіссің! Білем мұндай қан төгіс құрбандықсыз болмайды. Бірақ, менің үмітімнің сәулесі сен сөнуге тиіс емессің! Сені,  мен түгіл мына үйдің іргесіндегі өзің су тасып жүріп салған жалғыз аяқ соқпағың да күтеді.Сен анау, алақаныңнан қант беріп үйреткен қасқа құланың да сағынып, іздеп, кісінеп қояды.Тіптіііі,  мынааа тозығы жеткен есікте,  желп еткен желге, сен келгендей сықырлап ашылады. Ия сен келесің, қайтар жаудың бетін, сен Жеңіспен орласың! Мен,сол күнді күтем , құлыным!

 

Ән:  «Ана туралы баллада» 11-с. оқуш.Қабылтай Ж.

Көрініс:  « Жастар монологі» (қыз бен жігіт)

Қыз:  Қараңғы түн, біраздан бері сен менің  айнымас серігіме айналған едің.Менің жарымды қоюлығыңмен қорғай жүр. Жаным сезесің бе?Мен сенің жолыңа  ай болып, нұр төгемін .

 Жігіт:  Жарық дүние! Сенің мынау  түнгі  жарығың, менің жарымның сезім   сәулесі секілді, сөндіре көрмеші.

Қыз:  Мен сенің тынысыңда,  түннің тылысымынан, жанның шуағын, атқан таңнан сеземін.

Жігіт:  Шығарып салған  күн әлі  менің  есімде. 

Аналардың зарынан  құлақ  тұнған ,

Алдымызда беймәлім  сынақ тұрған.

Сен  жәудіреп,  қол  бұлғап  қалғаныңда

Жүрегімде жапырақ  жылап  тұрған.

Қыз:  Өміріме сыңар қылып  тағып  кеткен сезімің ,

Жүрегіме  тұмар қылып  тағып  кеткен сезімің

Менің темір қазығым...

Шіркін, өмір  мұнша неге  келістең!?

Сынағыңа қарай  алар мені  үстем 

Махаббатым  сыналса да,  жылдармен мәңгі  өзіңді, күтумен   келіскем.

Жігіт:  Келем , күнім . Мені күткен  періштем!

Би: 1.  (попури)  «Яблочко», (10-с                            )

              2. «Синний плоток»    ( 9-с қыздары)

 Көрініс: « Інісінің сәлемдемесі» ( 7-с оқуш. Абылай)

Інісі:  Мен ағама, не  жіберсем  екен?...

Ағам  қымызды  жаксы көруші  еді. Бірақ, жеткенше  ашып кетер ме  екен? Әттең,  жанымды жібере  алсам ғой!  Шүберекке түйіп, оны да беріп жіберер ем! Амал қанша... Анам құрт , ірімшік, жент салып жатыр.Ал, жеңгем, жылы киімдер салып жатыр.Ал, менше?...

Ағама жеткізіңіздерші...

        Би.  «Три танкиста»         (10-с қыздары)

 Көрініс: «Пошта келген сәт»

Солдат:  Пошта келді, пошта!

-Иманғалиев,мә.Жақыпбеков

-Мен

-Мә, ұста.Мұсаев

-Мен

-А-а-й-й-й, бәәәрекееелді мәәә!

-Нүркен! Нүркен!... Нүркен кайда!? Нүркен, саған келді, бауырыңнан  Нүркеен, Нүркееенн! (командир шығады)

Командир:-Нүркен, ол (кідіріп тұрып) ол, Нүркен, енді бауырының сәлемдемесін ала алмайды(музыканың дауысы шығады)

Ол, енді мәңгі оралмайды еліне!

Ол, енді... жарын құшып, баласын сүйе алмайды!

Ол, енді...Ол, енді, туған жердің төсінде тұлпар мініп, көкпар тартпайды.Ұлының ат жалын тартып, мініп азамат болғанын да көрмейді. Кешегі қанды шайқаста... Нүркен мерт болды! Ол қаруластарын құтқарды.Өзі ерлікпен қаза тапты. Кек сақтап жүректерінде, Оқ сақтап сүйектерінде,Өмірге өздерін беріп, көз жұмды.

Ол мәңгілік Жеңісті жакын еткендер!

Тым ерте сөніп кеткендер!

Сөнбейтін алау барына мәңгілік сеніп кеткендер!

Елі үшін, құрбан болғандарың үшін,

Мәңгілік үнсіз қалғандарың үшін,

Мәңгілік от боп жанғандарың үшін! Еске алып, бір минут үнсіз тұрайық!...(үнсіздік)

Қарлығаш сөйлейді  :

 Кестені оюлап тұрып  тігетін саусақтарым.Күннің күнінде мылтықтың шүріппесін баса-баса сүейелденеді деп кім ойлаған... Қобданың суында  еркелеп жүзіп, бақытты күндерімді соғыс ұрлайды деп , кім ойлаған. Шыбынды шүберекпен қуып жүріп,өлтіруге қимайтын ет жүрегім қорғасын боп, оққа айналады деп, кім ойлаған. Қолым менің қанға  малынды бірақ, мен адам өлтірген жоқпын... Адам кейпін жамылған хайуанды көздедім, фашизмге оқ аттым. Бәрі де Жеңіс үшін

Боолашааақ үшін!

Отааан үшін!

Ән. «Әлия» (11-с. Жансая)

Би:  «Катюша»    9-с қыздары

Ән:  «Журавли»  Жансая 11-с.

   Есжан сөйлейді (7-с. Абылай)

Есжан:  Бесіктен беліміз  шыкпай жатып, қу соғыстың жүрегімізге салған жарасы неткен ауыр еді. Мен күні бойы ағам аман –есен келсе екен деумен болатынмын. Мен, көп күттім , сол күнді. Зарыға, апам күтті. Жәутеңдеп, жеңгем күтті.Бүкіл халық күттіі!

Келді сол күн, жетті Жеңіс күні!

Келді сол күүүнн!

Қорытынды сөз: Бірақ бұл күні мен ағамның мойынына  асыла алмадым.Орден, медаль толған кеудесін қыса алмадым. Мен бұл күні ерлікпен қаза болған ағамды қалтасында қалып қойған соңғы хатын оқып, жыладым. Жыладым да жұбандым, Жеңіс жетті деп қуандым! Ағамның аңызға айналған ерлігіне сүйсіндім.Бірақ, сағынышымды баса құшақтап, емірене сүйе алмағаныма күйіндім...

 Бұл хатта  қан мен тердің иісі,

 Жеңістің желбіреген жалауы.

Сенімі сөнбеген жүректің алауы бар. Бұл хатта асқақ арман мен қасиетті аманат бар.

Ол бейғам да бейбіт күн.

Алапат айқас біткен күн

Жеңістің туын тіккен күн

Бақыт пен мұң, шер аралас жетті ғой елге, жетті ғойййй  елге-е-е күткен күн!

Бәрі бірге сахнаға шығып: « День Победы»

«Әр қашан күн сөнбесін»

 

 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ "Жіктеу есімдіктерінің түрленуі" 7-сынып

Автор: admin от 8-04-2017, 02:44, посмотрело: 813

3

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдіктерінің түрленуі.

Сабақтың мақсаты: білімділік - Оқушының есімдіктен алған білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру, бағалау, жіктеу есімдіктерінің түрленуін түсіндіру; тәрбиелік - оқушылардың қызығушылығын арттыру, ақыл - ой, парасат тәрбиесін беру; дамытушылық - оқушылардың ақыл - ойын дамытатын әңгіме, мақал - мәтел, жұмбақтар, грамматикалық ойындар пайдаланып, ой - өрісін дамыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру.

Көрнекілігі:оқулық, интербелсенді тақта арқылы слайдтар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, халықтық педагогика.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Үй тапсырмасы: Есімдіктерді қатыстырып сөйлем жазу.

Пысықтау сұрақтары:

1. Есімдік дегеніміз не?

2. Есімдік мағынасына қарай қалай бөлінеді?

Жаңа сабақ.

 

Жіктеу есімдігі.

Белгілі бір заттық ұғыммен

байланысты қолданылады.

Жекеше-----Көпше

Мен--------- Біз, біздер

Сен ---------- Сендер

Сіз ----------- Сіздер

Ол ------------ Олар

 

Мысалы: Мен - балаң, жарық күнде сәуле қуған...

Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек. (А. Байтұрсынов).

Қазақстанның болашағы сенің қолыңда, жас ұрпақ!

Ол - елдің тірегі.

 

Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі және жіктеледі.

Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі төмендегі кестеден көруге болады:

 

Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:

1. ілік барыс, табыс, шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады;

2. жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н - ға айналады;

3. көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында – ы, - і дәнекері пайда болады;

4. барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге – ған түрінде жалғанады.

Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.

Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі:

 

Сынып ішінде 77 - жаттығу орындалады. Сен құрметте оны.

1. Тапсырма. Жұмбақтар. Есімдіктерді тап.

Маған да, саған да,

Жақын туыс - бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан,

Бәрі де өз жұратың,

Айтады кәне: кім атын?

 

2. Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» атты өлеңінен жіктеу есімдігін тауып, талдаңыз.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,

неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

 

3. "Қазақстан менің Отаным оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын” (Нұрсұлтан Назарбаев)

 

4. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңыздар. Ақындардың өлеңдерінен үзінді келтірейік.

1) Бақыт деген -... бала күндерің,

Бақытсыз – ақ бақытты боп жүргенің. (Мұқағали Мақабаев)

2)... қазақпын, мың өліп, мың тірілген. (Тұманбай Молдағалиев)

3)... жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ барды ертегіні термек үшін.( Абай Құнанбаев)

 

Бекіту.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 79 – жаттығу. Ақындардың өлеңдерінен үзінді келтіріп, есімдіктерді табу.

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->   <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->   <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

Категория: Жаңалық

 

Расписание уроков

Автор: admin от 29-03-2017, 12:13, посмотрело: 334

0

Категория:

 

Качественный состав учителей

Автор: admin от 29-03-2017, 11:42, посмотрело: 335

0
қосымша 1
Аудан (қала) атауы Шағын жинақталған мектеп атауы Мұғалімнің аты-жөні Пәні Бітірген оқу орны, жылы, мамандығы Білімі Оқытылу түрі Біліктілігі Еңбек өтілі Деңгейлік курсы Қызметі Жүктемесі                      (сағат санымен)
жоғары грант ақылы арнаулы орта грант ақылы күндізгі сырттай жоғары І санатты ІІ санатты санаты жоқ І  ІІ ІІІ негізгі қосалқы
      Кесикбаева Перизат Беделбаевна математика ДПИ,1992
математика және информатика
жоғары           күндізгі     І санатты     19,08       мат информ 9
      Әден Қаламқыз Бәйкеқызы математика КазГУ,1986 математика
жоғары           күндізгі   жоғары       30 І      мат информ 27
      Джанузакова Галия Казтаевна математика КазПИ,1978 математика
жоғары           күндізгі   жоғары       38       мат   17
      Айтбаева Унар Жатханбаевна физика ЖенПИ,1977физика
жоғары           күндізгі   жоғары       39       физика   15
      Ыдырыс Әйгерім Нұрсұлтанқызы химия ҚазҰПУ,2015 химия
жоғары   ақылы       күндізгі         санаты жоқ 0       химия   12
      Тлеукабылова Асель Бакытовна биология ЧПИ,1993химия және биология пән мұғалімі
жоғары           күндізгі   жоғары       22       биология   9
      Аманкелді Анар Аманкелдіқызы биология ЖенПИ,2016 биология
жоғары грант         күндізгі         санаты жоқ 0       биология   12
      Данышпанова Насып Молдатаевна  география КирГПУ,2013 география жоғары   ақылы         сырттай     ІІ санатты   15       география   18
      Онгарбаева Актоты Кенесхановна ағылшын тілі ЦАУ,2005 ағылшын       арнаулы орта   ақылы   сырттай       санаты жоқ 2       ағылшын   31
      Денгельбаева Мадина Темирхановна француз тілі АПИИЯ,1980 француз тілі жоғары           күндізгі   жоғары       36       француз тілі орыс тілі  11
      Достаева Зульфия Акилбековна қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ сыныптарында) ОҚаУ,2005 қазақ тілі және қазақ әдебиеті жоғары   ақылы         сырттай   І санатты     24,08       қазақ тілі және қазақ әдебиеті   23
      Токшылыкова Молдир Болатбековна қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ сыныптарында) ЖенПИ,2016 қазақ тілі және қазақ әдебиеті жоғары   ақылы         сырттай       санаты жоқ 0       қазақ тілі және қазақ әдебиеті   14
      Караева Роза Абуловна орыс тілі мен әдебиеті (қазақ сыныптарында) ЖенПИ,1987 орыс тілі және орыс әдебиеті жоғары           күндізгі       ІІ санатты   28       орыс тілі және орыс әдебиеті   23
      Иманкулова Калида Катарбековна тарих КазГУ,1980 тарих жоғары           күндізгі   жоғары     санаты жоқ 34       тарих және құқық   13
      Садвакасова Шынар Буларовна тарих ҚМҚПИ, 2003 тарих және география жоғары   ақылы         сырттай     ІІ санатты   19,09       тарих және құқық дінтану 15
жалпы   15                                          

Категория:

 

әдебиеттік оқу "Қамқорлық" (4 сынып)

Автор: admin от 28-03-2017, 09:28, посмотрело: 859

1

Әдебиеттік оқу

3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға әңгіменің мазмұнын түсіндіру, меңгерту.

Дамытушылық: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, байла-

ныстырып сөйлеуге үйрету.

Сұрақ қою арқылы жан – жақты ойлауға үйрету.Білім деңгейіне

қарай деңгейлік тапсырмалар беру арқылы шығармашылық ізденіске    жетелеу.

Тәрбиелігі: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге жақын болып,

Жаман қасиеттерден аулақ  болуға, табиғатты қорғай білуғе тәрбиелеу.

Әдісі: суреттеу, баяндау, талдау, салыстыру, сұрақ – жауап,жинақтау.

Көрнекілігі: хронологиялық кесте. Б.Соқбаевтың портреті, плакатқа салынған Қожа мен Жантастың портреті, ұя, теректер.

Жүрісі: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Көжек» ертегісінің мазмұнын айту.

2.  Мәтін бойынша жұмыс. (оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру)

      I- топ    Шаруаның көжекке аяушылықпен айтқан сөзін білдіріп тұрған            

                     сөздерді тауып оқы.

       II- топ  Көжектің қорқынышты халін суреттеген жерді мәтіннен тауып

                     оқы.

       III- топ  Мәтіннің соңындағы көжектің сөзін оқып, оның мәнін түсіндір.

       IV- топ  Шаруа мен көжектің соңғы сөзін мәтіннен тауып әңгімеле.

3.  Оқушылардан «Туған жер» жөнінде білетін мақал-мәтелдері сұралады

                III. Жаңа сабақ.

      Тіл дамыту. «Көзбен көр, сөзбен өр!» Мазмұнды суреттер бойынша берілген сөз тіркестері нен бейнелеп сөйлеу: ашық аспан, жайқалған орман, тамылжыған табиғат, балапан торғай, әсем әуен.

 2. Сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау.

      1. Ыдыс аты

      2. Ұлттық ойында қолданылатын зат

      3. Сүттен жасалынатын тағам

      4. Ұлттық ойын түрі

      5. Төлдің аты

      6. Көкөніс аты

      7. Кір сөзінің синонимі

      8. Жыл мезгілі

      9. Оқу құралы

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> <!-- [if gte mso 9]>

3. Қамқорлық. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Б. Соқпақбаевтың  «Қамқорлық» әңгімесі.

   Автор туралы мәлімет.

  Б. Соқпақбаев (1924-1992) Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келген.Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагоги-калық институтын бітірген. «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» журналында, Қазақфильм студиясында жұмыс істеген.  «Менің атым Қожа», «Алыстағы ауылда», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» деген қолжазбалары бар.

IV. Оқулықпен жұмыс.

      1. Мәтінді мәнерлеп оқып беру

 V. Сөздікпен жұмыс «Білгенге маржан».

     Әккі – төселген, әбден бойы үйренген.

     Топшы- құс қанатының кеудеге жалғасқан жері.

     Кепка- бас киім

     Кереует- төсек

VI.  Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

       VII. Мәтін мағынасын ашу үшін сурет бойынша жұмыс.

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?

 

VIII. Шығармашылық тапсырма. «Ой қозғау»

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта.

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> Торғайдың халін сенде қандай көңіл күй туғызады?

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> Баланың қылығы ше? Өз көзқарасыңды білдір.

IX.     Топтастыру

                                               Сыйлау

X. Мәтінмен жұмыс.   «Ой қозғау»

   1. Әңгімедегі кейіпкерлер кімдер?

   2.   Автор Жантастың жағымсыз іс – әрекетін қалай суреттеген?

   3.   Балапанның аман өалуына кім себепші болды?

   4.    Қожаны қандай кейіпкерге жатқызамыз?

    5.   Балапанның жанталасқан халін суреттеп айту.

    6.   Балапан жазылды ма?

XI. Қожа мен Жантасты салыстыру. Венн диаграммасы.

       XII. «Ой толғау».

    Мәтінге тағы қандай ат қоюға болады?

   Мәтінді  бөлікке бөліп ат қою.

XIII. Сабақты бекіту. Топпен жұмыс.

       1. Құстар туралы әңгімелеу.

       2. Жантасқа мінездеме беру.

       3. Қожаға мінездеме беру.

XIV. Эссе жаздыру.

      Мұндай жағдайда өзің не істер едің?

XV.  Құстар туралы не білеміз?

XVI.  Тест

<!-- [if !supportLists] --> 1.      <!-- [endif] --> Біз немен таныстық?

а)  өлеңмен

ә) әңгімемен

б)  ертегімен

<!-- [if !supportLists] --> 2.      <!-- [endif] --> «Қамқорлық» әңгімесінің авторы кім?

а)  С. Мұқанов

ә)   Б. Майлин

б)   Б. Соқпақбаев

<!-- [if !supportLists] --> 3.      <!-- [endif] --> Осы әңгімеде не туралы айтылған?

 а)  байлық

 ә) достық

 б) қамқорлық

XYII. Бағалау.

XVIII. Үйге тапсырма: мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұндау.

 

Категория:

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine