» » "Қыз болашағы-ел болашағы"

 
 
 

"Қыз болашағы-ел болашағы"

Автор: admin от 14-10-2019, 06:34, посмотрело: 112

0 «Қыз болашағы-ел болашағы» онкүндігінің мәліметі
2019 жылдың 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшелікт ерін мойындау белгісі ретінде жариялаған Халықаралық қыздар күніне арналған «Қыз болашағы-ел болашағы» атты республикалық онкүндігіне орай іс-шара өтті.
Мақсаты: қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стреотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.
Осы мақсатқа орай «Қыз болашағы-ел болашағы» атты онкүндігін өткізу шарасының жоспары бекітілді. Қыздардың құқықтары туралы «Озар елдің қызы мінезді болады» тақырыбында медбике, әлеуметтік педагог, мектеп психологі, ата-ана комитетінің төрайымының қатысуымен өтті. 8-11 сынып аралығында қыздардың құқықтарын қорғау жөнінде флеш-моб өткізді. 7-11 сынып аралығында «Зорлық зомбылықсыз өмір» тақырыбында плакаттар байқауы өтті. Сонымен қатар ФАП медбикесінің қатысуымен «Ерте жастағы жүктіліктің-болашаққа балта шабу» тақырыбында 8-11 сынып қыздар арасында жиналыс өткізді. Жиналыста жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жасөспірім жастағы жүктілік туралы бейнетаспалар көрсетіліп, баянндады. Жиналыс соңында өзара қарым-қатынас, жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, ерте жүктіліктің мәселелері бойынша оқушыларға жаднамалар таратылды. 10-11 қазан аралығында 1-6 сынып оқушыларының көмегімен жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге жиналған қаржыға даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыйлықтар берілді.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.