Эко сағат

Автор: admin от 7-10-2019, 06:29, посмотрело: 92

0 «Экосағат» Республикалық акциясы
№38 Сұлутөр орта мектебінде 03.10. 2019 жылы өткізілген Республикалық экологиялық сағаттары бойынша салтанатты сап өткізілді.
1-4 сыныптар аралығында «Табиғат- біздің досымыз» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап,қорғай білуге тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту
Көрнекілігі: Слайд көрсету. «Табиғатты аялайық,қорғайық» суреттер топтамасы. Күлімдеген күн, түнерген бұлт,ағаш,… суреттері, – «табиғаттың тамаша көріністері» болды.




5-7 сыныптар аралығында «Экология табиғат жүрегі» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: • оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді
• оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады
• барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді
• оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді


Эко сағат
Эко сағат
Эко сағат
Эко сағат


8-11 сыныптар аралығында «Біз және экология » атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру
Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде біз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;


«Эко -челендж» атты салтанатты сап өтілді.Салтанатты сапты тәрбие іс жөніндегі орынбасары ашты. Сөз кезегін келген қонақтарға беріліп,оқушылар табиғатқа байланысты тақпақтарын айтты.




5-11 сыныптар аралығында дене тәрбиесі пән мұғалімдерінің басшылығымен «Эко- марофон» өтті.

Эко сағат

Категория: Мерекелік іс-шаралар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.