Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Қыз болашағы-ел болашағы"

Автор: admin от 14-10-2019, 06:34, посмотрело: 112

0 «Қыз болашағы-ел болашағы» онкүндігінің мәліметі
2019 жылдың 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшелікт ерін мойындау белгісі ретінде жариялаған Халықаралық қыздар күніне арналған «Қыз болашағы-ел болашағы» атты республикалық онкүндігіне орай іс-шара өтті.
Мақсаты: қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стреотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.
Осы мақсатқа орай «Қыз болашағы-ел болашағы» атты онкүндігін өткізу шарасының жоспары бекітілді. Қыздардың құқықтары туралы «Озар елдің қызы мінезді болады» тақырыбында медбике, әлеуметтік педагог, мектеп психологі, ата-ана комитетінің төрайымының қатысуымен өтті. 8-11 сынып аралығында қыздардың құқықтарын қорғау жөнінде флеш-моб өткізді. 7-11 сынып аралығында «Зорлық зомбылықсыз өмір» тақырыбында плакаттар байқауы өтті. Сонымен қатар ФАП медбикесінің қатысуымен «Ерте жастағы жүктіліктің-болашаққа балта шабу» тақырыбында 8-11 сынып қыздар арасында жиналыс өткізді. Жиналыста жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жасөспірім жастағы жүктілік туралы бейнетаспалар көрсетіліп, баянндады. Жиналыс соңында өзара қарым-қатынас, жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, ерте жүктіліктің мәселелері бойынша оқушыларға жаднамалар таратылды. 10-11 қазан аралығында 1-6 сынып оқушыларының көмегімен жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге жиналған қаржыға даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыйлықтар берілді.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
 
 

Эко сағат

Автор: admin от 7-10-2019, 06:29, посмотрело: 93

0

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Саналы ұрпақ-жарқын болашақ

Автор: admin от 7-10-2019, 06:09, посмотрело: 53

0 Күні 1.09.19ж
Тақырыбы Саналы ұрпақ―жарқын болашақ
Мақсаты Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру
Күтілетін нәтижелер • оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді
• оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады
• барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді
• оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді
Қолданылатын ресурстар Интернет ресурстары, бейнежазбалар, топ ережесі
Көрнекі құрал-жабдықтар Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар суреттер, клей,қайшы, интербелсенді тақта
Сабақтың өту барысы Мұғалімнің іс-әрекеті
Кіріспе: Әнұран

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)
-«Көршіге-комплимент» сергіту сәті

-Әрбіриқатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді

-Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс

Топқа бөлу (1мин)
Әрбір топқа фигуралы қимақағаздар тарату арқылы 2 топқа бөлу




Негізгі бөлім: «Адал ұрпақ» суреттер (Жемқорлық туралы мәлімет алу)
«Өз құқығым» интербелсенді тақтадан оқу
Шығармашылық жұмыс «Менің саяхатым»
«Өзіме қажет-елге қажет»
«Лайықты болғым келеді» тақырыбында презентация


Ми шабуылы (5 мин)
Викториналық сұрақтар

-
Топпен жұмыс (10 мин)
Болашақта өздеріңізді қалай елестетесіздер?

Өз ойларыңызды постерге бейнелеңіздер

Сергіту сәті:

Қорытынды бөлім:

«Қаражорға»

Рефлекция (5мин)
Қорытындылау
―Балалар біз сіздермен ойлана отырып ойлауды және топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Топта бір –бірімізге сенім білдіріп бір кемедегі теңізшілер терізді жұмыс жасасақ, биік жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бүгінгі жаңа оқу жылымыздың алғашқы сабағыға белсенді қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын менің алтынға тең оқушыларым!!!

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
 
 

"ЖИТС-қарсы күрес"

Автор: admin от 1-02-2018, 21:30, посмотрело: 1988

89 №38 Сұлутөр орта мектебінің 15.11-15.12 аралығында «ЖИТС-қарсы күрес» жоспары бойынша өткен іс-шаралар туралы

Мәлімет

Жыл сайын №38 Сұлутөр орта мектебінде 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығыныда Қазақстанда ЖҚТБ-ға қарсы Дүниежүзілік Күніне арналған науқан өтеді. Осы іс-шара бойынша айлық жоспар құрылып, бекітілді. Оның мақсаты - жұртшылықты ақпараттандыруды арттыру, АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерін түсіндіру, профилактикалық бағдарламаларды қолдау, Стигма мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты көрсеткіштерді төмендету.
№38 Сұлутөр орта мектебінде 1 желтоқсан «СПИД-пен күресудің әлемдік күніне» байланысты тәрбиелік іс-шара өтті.
Осыған орай 8-11 сынып оқушыларына мектеп психологі Әбдірзақ Д.Ғ., мектеп медбикесі – Нургелова А. шақырылып, кездесу ұйымдастырылды.
Келген мамандар жастарға «ғасыр індеті» туралы толық мағлұмат беріп, үлкен әсерлі кеш өтті. Білім алушылар өз сұрақтарын қойып, толықтай мағлұмат алғандарына қуанды.
Сондықтан қазіргі кезде дені сау салауатты азамат-азаматшалар тәрбиелеуде осы іс шараның мәні зор. Осы шараның арқасында көптеген жас ұрпақ ой түйіндеп, дұрыс жолмен жүруге бет бұрса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі - адам денсаулығы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырып отыр.
Шара барысында оқушылар ЖҚБТ туралы статистикалық мәліметтер бойынша слайд, бейнеролик көрсетілді, көрнекілік құралдар таратылды, мағыналы кеңестер берілді. Оқушыларға қарастырылып отырылған мәселеге байланысты әр түрлі сұрақтар қойып, шараға белсенді ат салысты.
15-20 қараша аралығында бастауыш сыныптарында «Ғасыр дертінен сақтанайық!» сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: алдын-алудағы іс-шараларға неғұрлым оқушыларды тарту, балалар шығармашылығы арқылы салауатты өмір салттын насихаттау, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алудағы мектептен тыс жұмыстары орталықтарымен тығыз байланыста болу. Байқаудың жұмыстары мектеп фоесінде орнастырылып, барлық мектепке келушілердің назарына ілікті. Үздік жұмыстар авторларына және олардың мұғалімдеріне алғыс хаттар мен мадақтамалар берілді.
«СПИД ғасыр дерті»-атты дөңгелек үстел өткізіді. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу , міндеттеріне шылым шегудің, ішімдіктің , нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру мақсаттары қойылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Д.Жолаушыбаева, мектеп психологі Әбдірзақ Д.Ғ., жастар ісі жөніндегі инспектор Дуйсебаев Е.Т. және мектеп медбикесі Нургелова А. қатысты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында тәрбие ісінің меңгерушісі Жолаушыбаева Ж.Д. зиянды әдеттерге әуестікте басқаға "Бұл дұрыс емес", ал өзіне "Жоқ!" деп айта алмасаң, онда бұл үлкен күнә, өзіңнің жауың өзің екеніңді білгейсің",- деді.
18.11.2017ж, 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен "Біз салауатты өмір сүреміз" атты ашық тәрбие сағаттары өтті. Бұл сабақтар 1желтоқсан Бүкіләлемдік СПИД-ке қарсы күрес күнініне орай өтіп отырғандығын атап өтті. Сабаққа денсаулыққа және зиянды әдеттерге байланысты нақыл сөздер, плакаттар, бейнетаспа қолданылды. Сабақтың соңында арақ, темекі, нашақорлыққа байланысты бейнетаспадағы фильмдер көрсетілді. Сайыскерлермен пікірталас жүргізілді. Оқушылар өз ойларын еркін ортаға сала білді.
«СПИД туралы біз не білеміз?» тақырыбында 5,6,7,8,9, сынып оқушыларынан сауалнама. алынды. 10-11 сынып оқушыларынан тәрбие ісінің меңгерушісі Жолаушыбаева Ж.Д. «Есірткі мен есірткі қабылдаушылар жайлы мен не білемін?» деген тақырыпта сауалнама алды.
27 қараша күні мектеп кітапханашысы Балтабаева Б.К. «ЖИТС-ғасыр дерті» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрмеге газет, журнал, бұрыштамалар қойылды.
4 желтоқсан күні 5-6 сынып оқушылары арасында «Біз СПИД-ке қарсымыз» тақырыбында спорттық сайыс өтті. Сайыс 5 кезеңнен өтті. Сайыс соңында 1 орынға ие болған 6-сынып оқушылар болды.
30 қараша күні 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен СПИД-ке қарсы күрес күнін атап өту мақсатында «СПИД – ғасыр уы» тақырыбында іс-шаралар өтті. Шара барысында сахналық көрініс қойылып, ЖҚТБ дертінің қаупі, оның адам ағзасында пайда болуы, таралу жолдары және одан қорғану тәсілдері туралы бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар өздерін мазалайтын сұрақтарға нақты жауаптар алып, пікір алмасты.

ДТЖО: Ж.Д.Жолаушыбаева

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

"Еңбек күні"

Автор: admin от 1-02-2018, 21:28, посмотрело: 919

30 Мәлімет
«Еңбек күні» мерекесіне орай №38 Сұлутөр орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Еңбек адамы» тақырыбында іс-шара өтті.
Шараның басты мақсаты – қарапайым еңбек адамының мәртебесін арттыру.
Бұл күні мектеп оқушылары мен ұстаздардың қатысуымен мерекеге арналған «Таза ауыл – таза аула» экологиялық акциясы өткізілді. Ауылдық округте мерекелік шара ұйымдастырылды. Мектебімізде «Еңбегімен ұрпаққа үлгі болған» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесуде тыл,еңбек ардагері, Ардагер ұстаздардың өнегелі өмірi, еңбек жолымен танысты. Осы күні тұрмысы төмен отбасыларына арналған қайырымдылық шаралары өткізіліп, мектеп оқушыларының еңбек озаттарымен кездесулері өткізілді. Аға буын өкілдері оқушыларға біздің қоғамда тек адал еңбек еткеннің ғана шынайы құрметке ие болатынын айтып, оған түрлі мысалдар келтірді.
1 қазан қарттар күні мен ұстаздар мерекесі қарсаңына қарай Еңбек күні мерекесімен бірлесе "Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет” деген тақырыппен мерекелік кеш өтті. Салтанатты кешке ауыл тұрғындары көп жиналды. Ауыл әкімі Мырзағұлов Е.Ә. құттықтау сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарды, тыл ардагерлерін мерейтойларымен құттықтап, құрмет көрсетті. Еңбек саласында елеулі із қалдырған, өз сүйген мамандықтарына балаларын баули білген отбасы қорғандарына ыстық ықыласын, жылы лебізін жеткізді. №38 Сұлутөр орта мектеп ұжымы зейнетке шыққан ұстаздарға сый-сияпатын жасады. Шара соңында ауылымыздың ардагер ұстаздары жас ұрпаққа өз баталарын, ізгі тілектерін білдірді.
Сенбі күні ауылымызда «Таза ауыл – таза аула» атты сенбіліктер ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда «Еңбек адамын ардақтайық» тақырыбында сынып сағаттары, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. «Еңбек-Қоғам-Бірлік» тақырыбында оқушылар мен мұғалімдер арасында ашық ой-пікір алаңы ұйымдастырылып, Еңбек күні мерекесінің мәні айқындалды. Тәлімгер Ыдырыс А.Н. ұйымдастыруымен «Еңбек болашағы» атты интеллектуалды-танымдық шара өткізді.
Интеллектуалды-танымдық шара барысында оқушылар еңбек тақырыбына арналған түрлі мақал-мәтелдер айтып, «Кім тапқыр?» интеллектуалды ойыны, еңбек тақырыбына арналған сөзжұмбаққа белсене қатысты.
Кітапханада «Бақыттың кілті еңбекте» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме «Еңбек – мың ізгіліктің бірден-бір нышаны», «Еңбек – ырыстың қазығы», «Қазақстанның еңбек ерлері», «Бақыт кілті еңбекте» атты бөлімдерден дайындалды. Қазақстанның Еңбек ардагерлері сынды саңлақтардың еңбек жолы мен өмір деректеріне толы әдебиеттер қойылды.
9-10 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен Сұлутөр ауылында орналасқан машина-тракторлық шеберханасының жұмыс алаңында да болды. Шеберхана басшысы Аден Е.М және орынбасары Аманбаев Е.Ж. жұмыс барысымен таныстырды. Оқушылар жұмысшылардың тәжірибесін қызықтаған жеткіншектер өздері де біраз нәрсе үйреніп қайтты.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

"Мектепке жол" акциясы

Автор: admin от 1-02-2018, 21:22, посмотрело: 642

51 2017-2018 оқу жылындағы №38 Сұлутөр орта мектебінің «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру есебі

«Жамбыл облысының білім басқармасы» ММ 07.08.2017 жылғы № 4-4300 «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы» бұйрығы, «Қордай ауданы білім бөлімі» ММ 31.07.2017 жылғы № 164 бұйырығы негізінде, № 38 Сұлутөр орта мектебінің 08.08.2014 жылғы № 94 бұйырығы аясында 2017 жылдың 7 тамызымен 30 – шы қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдыналу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Осы мақсатта Сұлутөр ауданында акция жалғасын тапты. «Мектепке жол» акциясы барысында «Менің қалауым-балаларға көмек көрсету!» атты ұранымен енді ғана мектеп табалдырығын аттағалы отырған, №38 Сұлутөр орта мектебінің оқушылары, толық емес отбасынан шыққан Мукаш Динара, Назар Света, Мұратқан Динара - Сұлутөр ауданы әкімі – Мырзағұлов Е.Ә., №38 Сұлутөр орта мектебінің ұжымы, толық емес отбасынан шыққан Алимбай Фариза – «Жас Қанат» шаруа қожалығының басшысы Акилов А.Б. Әділхан Аяна – «Амирхан» шаруа қожалығының басшысы Косаков М.А. Сұлутөр ауылының азаматы Момбеков Алибек Даулетұлы өз тарапынан 18 балаға қаржылай және заттай көмек көрсетті.Осы аталған кісілер балаларға мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз етіп өз көмектерін көрсеті. Сонымен қатар 14 толық емес, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасы, жалғыз басты аналарға тегін киіммен қамтылды. Барлығына 15 мың тенге қаржылай көлемінде көмек көрсетілді.
Осы демеушілер өз көмектерін көрсетті. Демеушілерге алғыс білдіреміз.


№ Оқушының аты-жөні Сыныбы Көмек көрсеткендер Қандай көмек көрс етілді Сомасы
1 Әділхан Аяна 4 Косаков М.Ә сумка 5000тг
2 Жарғожа Ботагөз 8 Мектеп ұжымы қаржылай 7000тг
3 Сейдахметова Эльвира 8 Момбеков А.Д. Заттай 12000тг
4 Құдайберген Медет 10 Момбеков А.Д. Заттай 12000тг
5 Тохтар Мадияр 10 Момбеков А.Д. Заттай 12000тг
6 Сейдахметова В. 1 Момбеков А.Д заттай 10200
7 Жайдарин И. 3 Момбеков А.Д заттай 4300
8 Тохтар М. 6 Момбеков А.Д заттай 6300
9 Нұрланқұл А. 3 Момбеков А.Д заттай 2000
10 Қуатқан А. 1 Момбеков А.Д заттай 2000
11 Құдайберген М. 10 Момбеков А.Д заттай 2800
12 Нурпайда Н. 1 Момбеков А.Д заттай 2800
13 Бақыт А. 2 Момбеков А.Д заттай 2000
14 Дойшы Ж. 2 Момбеков А.Д заттай 2800
15 Әділхан А. 4 Момбеков А.Д заттай 1600
16 Жолаушыбаев А. 2 Момбеков А.Д заттай 4400
17 Нұртас Ұ. 4 Момбеков А.Д заттай 2300
18 Тебердиев А. 11 Момбеков А.Д заттай 1500
19 Аманкелді А. 0 Момбеков А.Д заттай 2400
20 Тоқберген А. 6 Момбеков А.Д заттай 1600
21 Алипбаев Б. 2 Момбеков А.Д заттай 3600
22 Райымбекова А. 5 Момбеков А.Д заттай 3200
23 Несіпбай Б. 5 Момбеков А.Д заттай 4300
24 Алимбай Фариза 2 Акилов Асхат Мектеп формасы, оқу құралдары 20000тг.
25 Назар Света 6 Мектеп ұжымы Мектеп формасы, оқу құралдары 15000тг.
26 Мукаш Динара 7 Ауыл әкімі
Мырзағұлов Е.Ә. Мектеп формасы, оқу құралдары 15000тг.





Мектеп директоры: А.Б.Тлеукабылова

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
Назад Вперед