Мектеп директорының 2019-2020 оқу жылындағы есебі » СШ №38 им. Саргаскаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№38 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорының 2019-2020 оқу жылындағы есебі
27
май
2020

Мектеп директорының 2019-2020 оқу жылындағы есебі

Мектеп директорының 2019-2020 оқу жылындағ есебі
Ағымдағы жылдың мектептің материалдық базасын нығайтуға, оқушыларға заман талабына сай білім, тәрбие беру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды.2019-2020 оқу жылының басында 1-11 сынып аралығында 127 оқушы білім алып,бүгінгі күнде мектеп қабырғасында 124 оқушы білім алуда.Онің ішінде 14-і үздік, 60 озат. Сонымен қатар 11 сынып оқушысы Кистаубава Амина "Алтын белгі" үміткері. 9 сынып оқушысы Қасым Аружан үздік аттестат иегері. Білім сапасы 60%, үлгерімі 100%. Оларға 19 педагог білім беруде. Мектебімізде оқу жыл басында аз қамсыздандырылған,көп балалы отбасы балаларының қатарына жататын оқушыларды анықтау ережесін басшылыққа ала отырып, ақысыз ыстық тамақпен 25 оқушы күнделікті асханадан тегін тамақпен қаматамасыз етіледі.2020 жылдың 1 қаңтарынан 48 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.Мектебіміздің оқушылары аудандық деңгейдегі әртүрлі байқауға қатысып жүлделі орынға ие болып отыр.«Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер, мектептің түлегі Момбеков Алибек Дәулетұлы мектептің І қабатындағы әжетханаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.Осындай қайырымды азаматарымызға алғыс білдіреміз.
Мектеп 1986 жылы салынып қолданысқа берілгенімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген,биыл осы мәселе шешімін тауып мектебімізге 2020 жылдың 1 маусымынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мектепте балаларға сапалы білім мен тәрбие беруге, балалардың жан-жақты дамуына толық жағдай жасалған. Алайда шешімін күткен мәселелер әлі де бар. Қамқоршылық кеңестің, ата-аналар қоғамдастығының көмегімен білім сапасын арттыру, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды қолдау мақсатында демеушілерді тауып қолдау көрсетілуде.