Ата-аналар жиналысы » СШ №38 им. Саргаскаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№38 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы
19
декабрь
2019

Ата-аналар жиналысы

Хаттама[center][/center]

Ата –аналар жиналысы
Сұлутөр орта мектебі
Мерзімі:11.12.2019 ж
Қатысқаны:75
Күн тәртібінде:
1.«Оқушыларды бағалаудың критерийлер жүйесі» бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары. Баяндамашы ДОІЖО Иманбаева Н.К.
2. Тәрбие жұмысының ІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары.Баяндамашы ДТІЖО Унербаев Б.К.
3.Әр-түрлі сұрақтар.
1 сұрақ бойынша ДОІЖО Иманбаева Н.К. .«Оқушыларды бағалаудың критерийлер жүйесі» бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалау тиімділігі оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
2 сұрақ бойынша ДІТЖО тәрбие жұмысының ІІ тоқсан қорытындысымен таныстырып өтті.Ата – аналар әр тоқсанның қорытындысымен сіздерді таныстыру біздің міндетіміз. Жаңа оқу жылында жалпы ата-аналар жиналысында келісім-шартқа қол қойылды. Онда ата-аналардың, оқушылардың және мектептің міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі туралы жазылып, түсініктемелері берілді. Ата –аналар мектепішілік іс-шараларды өткізуге, ата-аналар жиналыстарына қатысып, балалардың оқудағы жетістіктері ата-аналар жиналыстарында талданады және талқыланды. Мектептің ата-аналар комитеті құрылып, ол іс-шаралар жоспарын құрастырғанда ұсынымдар береді, оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыруға қатысады; әкімшілікпен, оқушылармен, жергілікті қоғамдастықпен байланыс реттелді; оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты, мерзім сайын ата-аналар мен ұжымды демеушілік көмек туралы есептіліктен хабардар етіп отырды.Мектепте тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыс жүргізіледі.Тәрбие сағаттары өткізіліп,«Шаңырақ» жобасы аясында іс-шаралар өткізіледі.

3.Әр-түрлі сұрақтар
Шығып сөйлеушілер: Райымбекова Венера ата-ана комитеті.
Айтылған сөздерді, баяндамаларыңызды, тыңдадық. Критериалды бағалау,күнделік жүйесі бойынша ақпараттар алдық.Тәрбие жұмысының атқарылған жұмыстары бойынша баяндамаларды тыңдадық.Осының барлығы бала тәрбиесіне қатысты. Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан балаға дұрыс тәрбие беріп,бірлесе жұмыс атқару керек деп ойлаймыз.

Шешімі:
1.Ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы күшейтілсін
2.Айтылған ескертпелер, міндеттер ата-ананың назарына алынсын.
3.Ата-аналармен бірлескен жұмыс атқарылсын.