16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі » СШ №38 им. Саргаскаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№38 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі
19
декабрь
2019

16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі

2019-2020 оқу жылының желтоқсан айында , №38 Сұлутөр орта мектебінде 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздігінің 28 жыл толуына орай мерекелік іс-шара жоспары жасалып бекітілді. 1-11 сыныптар аралығында «Жаса жайна Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Өз елін Отанын сүйетін,дені сау Қазақстанның жаңашыл негізін қалайтын саламатты азаматтарды қалыптастыру. Мектеп кітапханашысы Балтабаева Б.Қ-ның ұйымдастыруымен көрме жасалды. 5-11 сыныныптар аралығында қабырға газеттері шығарылды. 12 желтоқсан күні «Ұлы Даланың жеті қыры» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқушылар арасында талдау, ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады.Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар маңыздылығын арттыру қажет. Осы бағытта да кеше ғана Елбасымыз ұсынған мақаланың мән-мағынасын оқушыларға, ұжымға насихаттау, түсіндіру өзекті болып табылады.
Нәтижесінде:
– Оқушылар Елбасы ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры»мақаласының мән- мағынасын түсінді;
– Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қоя білді;
– Ел тарихы туралы нақты білімін қалыптастырды.

13 желтоқсан күні тәуелсіздік мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 1-11 сынып оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары «Қазағым» әніне флешмоб биін биледі.
Мақсаты: Оқушылардың мейірімділік,қайырымдылық , құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен футболдан 6-7 сыныптар арасында спортттық жарыстар өткізіліп,жеңімпаз команда ауыспалы кубокпен марапатталды.

Похожие публикации:

07 октябрь 2019 Эко сағат