«Оқушыларды бағалаудың критерийлер жүйесі» » СШ №38 им. Саргаскаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№38 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқушыларды бағалаудың критерийлер жүйесі»
12
декабрь
2019

«Оқушыларды бағалаудың критерийлер жүйесі»

№ 38 Сұлутөр орта мектебінде 2019 жылдың 11 желтоқсанында жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп «Оқушыларды бағалаудың критерийлер жүйесі» бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Директордың оқу ісі жөніндегі орыбасары Н.К.Иманбаева ,математика пәні мұғалімі П.Б.Кесикбаева « Оқушыларды бағалау критерийі» бойынша баяндамаларын оқып ата-аналарға бағалау жүйесінің тиімділігі және күтілетін нәтижелері туралы түсіндіріп өтті. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Критериалды бағалау тиімділігі оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Жиналыс барысында баяндамашылар ата-аналар сұрақтарына жауап беріп,түсіндіріп отырды.Осыған орай мектепте ашық есік күндері өтіп, « Оқушыларды бағалау критерийі» тақырыбы бойынша ата-аналармен дөңгелек үстелдер өткізіліп мақсаты,ерекшелігі,маңыздылығы,нәтижелері түсіндірілді.