Бала қауіпсіздігі » СШ №38 им. Саргаскаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№38 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бала қауіпсіздігі
29
ноябрь
2019

Бала қауіпсіздігі

№38 Сұлутөр орта мектебінде 2019 жылдың 25 қазан-22 қараша «Зорлық-зомбылықсыз балық шақ» республикалық акциясы аясында «Бала құқығы- адам құқығы» онкүндігі,бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанына 30 жылдығына байланысты іс-шаралар өткізілді.7 қараша күні он күндік салтанатты түрде ашылып,ДТЖО Унербаев Б.К. онкүндіктің жоспарымен таныстырды. 8 қараша күні «Зорлық- зомбылықсыз» отбасы тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.Мектеп психологы Әшімбек Г.К «Ел болам десең –бесігіңді түзе» тақырыбында тренинг жүргізді,Құқық пәні мұғалімі Садвакасова Ш.Б. «Бала құқығы « тақырыбында баяндамасын оқыды. 13 қараша күні 9-11 сыныптар аралығында құқық сабағы өткізілді.Құқық сабағына Сұлутөр әкімшілігінің «Жас Отан» жастар орталығының өкілі келіп қатысты. 21 қараша күні «Бала қауіпсіздігі» тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналысқа мектеп әкімшілігі,қамқоршылық кеңес мүшелері және АІІБ-нің қызметкері Бектурсынов Қ.Т келіп қатысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Унербаев Б.К. «Бала қауіпсіздігі маңызды» тақырыбында баяндамасын оқып,ата-аналарға, қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектепішілік есепке алу ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,нұсқаулықпен таныстырып, жадынама таратылды. АІІБ-нің инспекторы Бектурсынов К.Т. ата-аналарға құқықбұзушылық бойынша баяндамасын оқып,қазіргі кезде бала қауіпсіздігі өзекті мәселе болып отырғанын айтып өтті. Ата-ана баласының қайда және кіммен ойнап жүргенін білуі керек.Мектепке кешікпей баруын, үйге уақытысында келуін қадағалауы керектігін ескертіп өтті.
Мектеп психологі Әшімбек Г.К. ата-аналармен «Мен сені жақсы көремін» тақырыбында тренинг өткізді.Ата-аналарды екі топқа бөлініп топтық жұмыс жасалынды.Әр топ отбасы,бала тәрбиесі бойынша сұрақтарға жауап беріп,отбасы құндылығы тақырыбында плакаттар қорғады.Жиналыс соңында мектеп директоры А.Б.Тлеукабылова келген қонақтарға,ата-аналарға алғысын білдіріп,бала тәрбиесі мен бала қауіпсіздігі бойынша бірлесе жұмыс атқару керектігін, бала қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс екен айтып өтті..










Похожие публикации: