Өлкетану » СШ №38 им. Саргаскаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№38 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2019

Өлкетану

№ 38 Сұлутөр орта мектебі 5-сынып оқушыларының Қордай батыр ескерткішіне және Кенен Әзірбаевтың әдеби мемориалдық мұражайына экскурсия

Рухани жаңғыру аясында өлкетану бағыты бойынша :
Тарих - туған жерден басталады, сондықтан оқушылар өзі тұрған қаласының, елді мекенінің жері мен азаматтарының тарихы туралы білгені жөн. Сол мақсатпен № 38 Сұлутөр орта мектептің оқушылары дүлдүл ақын Кенен Әзірбаевтың әдеби мемориалдық музейін аралап және Қордай батырдың өткен өмірі туралы тарихи маңызды мәліметтермен танысу мақсатында Қордай асуында орналасқан батыр бабамыздың басына қойылған ескерткіш тасы тұрған жерге барып қайтты.

Экскурсияның мақсаты: оқушыларға әдеби мемориалдық мұражайы жайлы және дүлдүл ақын Кенен Әзірбаевтың өткен өмірі туралы түсінік беру және Қордай батырдың өткен өмірі туралы тарихи маңызды мәліметтермен танысу; оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Саяхат барысында оқушыларға Кенен Әзірбаевтың әдеби мемориалдық мұражай туралы түсінік берілді. Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.Оқушылар көптеген мәлімет алды.

Сондай – ақ Қордай батырдың ескерткіш тасы тұрған Қордай асуына бардық, дүлдүл ақын Кенен Әзірбаев әнге қосып жырлағандай Қордайдың самал желі бұл жерде үнемі соғып тұрады екен.Жоғарыға қарай көтерілуге өте ыңғайлы етіп жасалған баспалдақтармен жүре берсеңіз, алдыңыздан үлкен қақпа қарсы алды.
Қордай батыр бабамыз туралы біраз мәлімет алып қайттық.