Қамқоршылық кеңесінің 5 хаттамасы » СШ №38 им. Саргаскаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№38 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің 5 хаттамасы
20
май
2019

Қамқоршылық кеңесінің 5 хаттамасы

2019 жылдың 10 Сәуірінде №38 Сұлутөр орта мектебінде өткен мектеп инспекторының Қамқоршылық кеңес алдындағы берген есебінің
№5 ХАТТАМАСЫ
Сұлутөр ауылы
10.04. 2019 жыл

Қатысқандар: 10
1.Мектеп әкімшілігі ,мектеп инспекторы, қамқоршылық кеңес мүшелері

КҮН ТӘРТІБІ:
1.Мектеп инспекторы Қ.Т.Бектурсыновтың есебі ;
2. Әртүрлі мәселелер
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бекмуратова Дамира жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті.
1 сұрақ бойынша тыңдалды: Бектурсынов Қайрат Таңатарұлы,мектеп инспекторы:
№38 Сұлутөр орта мектебінде мұғалімдердің, психологтардың, мектеп инспекторының оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас орнату бойынша бірлескен жүйелі жұмысы жолға қойылған. 10-11 - сыныптар арасында Жамбыл АІІБ-нің ӘПБ-нің ЮПТ-нің инспекторы полиция аға лейтенанты Бектұрсынов Қ.Т. «Қылмыс пен жаза», «Құқық бұзушылықтық алдын алу», 5-8 сыныптар арасында «Жолда жүру ережелері» атты тақырыптарында семинар,жиналыстар өткізілді.Мектеп ұжымымен,ата-аналармен бірлескен түнгі рейдттер өткізіліп,құқық бұзушылық анықталған жоқ.Мектепте құқықбұзушылық бойынша есепте тұрған оқушылар жоқ.
2 Әртүрлі мәселелер бойынша сөз алды:
Тойгулова Ұлсуйер, қамқоршылық кеңес мүшесі:
Мектеп инспекторының есебін тыңдадық.Балаларға құқықтық білім беру өте маңызды.Ол құқық бұзушылықтың алдын алады.Мектеп инспекторының есебін қанағаттанарлық деп есептейміз.





Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қамқоршылық кеңестің ШЕШІМІ:

1.Мектеп инспекторы Қ.Т.Бектурсыновтың есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілсін.


Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Бекмуратова Д.К.

Хатшы: Садвакасова Ш.Б.
Кеңес мүшелері:
Тлеубаева Э.О.
Джаутикова Х.О.
Тойгулова У.Б.
Мырзагұлов Е.Ә.
Касенова Г.М.
Кистаубаев Е.К.
Карибаева С.К.