Мектеп тарихы » СШ №38 им. Саргаскаева
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№38 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
январь
2019

Мектеп тарихы

Сұлутөр ауылындағы ең алғашқы 4 жылдық мектеп 20-шы жылдары салынған. 1928-1930-шы жылдары ауылдың балаларын араб тілінде Қалиасқар ұлы Шолпанқұл оқытқан.
40-шы жылдары ауылдың бастығы Лукьянчук Т. Болған уақытта 4-жылдық мектеп директоры Марья Демеевна болған. Осы кездегі дәріс берген мұғалімдер: Мұхамедсабырова Ұлсүйер, Оралбаева Исабала, Марья Демеевна. Кейінірек, 1958-1976 жылдары мектебіміз алғаш- жетіжылдық, содан кейін сегізжылдық орталау мектебі болды. Осы жылдары мектеп директоры Жәнібек Ибраимов, ал завуч Иманқұлов Шетікбай ағай болған.
1960-1970-ші жылдары білімді ұстаздарымыз көп болған. Атап айтсақ Бандурина Мария Сергеевна- бастауыш сынып мұғалімі. Окшина Любовь Трофимовна, орыс тілі мұғалімдері Чудновская Лидия Михайловна және Чудновская Галина Михайловна, Манченко Галина Васильевна, Январёва Валентина Владимировна, Полехов Николай Захарович, бастауыш сынып мұғалімі Үстемірова Қанша, Жомартова Орынхан, физика пәні мұғалімі Әбілов Бектұрсын, математика пән мұғалімі Изекова Өкен, бастауыш сынып мұғалімі Қабашева Нұрқан, Алексеева Лидия Сергеевна және тағы басқалары.
Ауылымызда Красный Октябрь орта мектебі (10 жылдық) 1980-ші жылы ашылды. Оның алғашқы директоры Қосақов К. болды. Осы кезде Абдуалиева С.С. Оралбаев Атарбай ағай, Тобышақова Н.К., Майсупов Ш. дәріс берді.
1981-1984 жылдары Красный Октябрь орта мектебінің директоры болып Боденеев Сайлау ағай тағайындалды. Сол кездері завуч: Шетікбай және Иманбердиев Доғдырбай болды. Боденеевтің уақытында физик Малиновская Т.М., Денгелбаев Ж.Т.- математик, Сулейменова б.С.- орыс тілі мұғалімі, Сырлыбаева, АйтбаеваҰ.Ж., Инкарбаева Ж.С., Сайпышева Ғ.А., Абсеитова А.Г., Шолпанкулова Р.Қ., Когут Н.Н., Сапақова Н., Айнабаева М., Денгелбаева Г.Т., Денгелбаева М.Т., Джанузакова Ғ.Қ., Сугирбаева Б.А. т.б. дәріс берді.
1984-1987 жылдары мектеп директоры болып Баймұханбетова Мейрамхан Қордабековна жұмыс жасады. Сол кезде завуч болып Алимкулова Мира Атабековна жұмыс істеді. 1986 жылы колхоз бастығы Сарғасқаев Саят жаңа мектеп ашқан кезде Баймұханбетова М.Қ. директор болып қызмет атқарды. Ол өте сәнді, 3 қабатты мектеп. Әр кабинеті жарық, кең, әдемі.
1987-2000 жылдары мектеп директоры- Денгелбаев Желеу Темірханұлы, ал оқу ісінің меңгерушісі болып Айтбаева Ұнар Жатқанбайқызы қызмет етті.
1997 жылы, қарашаның 22 жұлдызында Қордай өңірі үшін де, республика жұртшылығы үшін де айтулы оқиғалардың бірі болды- Сұлутөр мектебіне жаңа есім берілді. Біздің мектеп көрнекті балалар жазушысы, осы топырақтың түлегі Сансызбай Сарғасқаұлының есімімен аталды.
2000 жылдың сәуір айынан бастап №38 орта мектеп директоры болып Айтбаева Ұнар Жатқанбайқызы тағайындалды. Айтбаева Ұ.Ж. 2012 жылдың қыркүйегіне дейін өзінің қызметін атқарып келді. Директорға оқу ісінің меңгерушісі болып Тлеукабылова Әсел Бақытқызы көмек көрсетті.
2013 жылдың ақпан айынан бастап №38 орта мектеп директоры болып Тлеукабылова Әсел Бақытқызы тағайындалды. Директорға оқу ісінің меңгерушісі болып Кесикбаева Перизат Беделбайқызы көмек көрсетуде.