» Материалы за Октябрь 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Қыз болашағы-ел болашағы"

Автор: admin от 14-10-2019, 06:34, посмотрело: 113

0 «Қыз болашағы-ел болашағы» онкүндігінің мәліметі
2019 жылдың 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелердің ерекшелікт ерін мойындау белгісі ретінде жариялаған Халықаралық қыздар күніне арналған «Қыз болашағы-ел болашағы» атты республикалық онкүндігіне орай іс-шара өтті.
Мақсаты: қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стреотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру.
Осы мақсатқа орай «Қыз болашағы-ел болашағы» атты онкүндігін өткізу шарасының жоспары бекітілді. Қыздардың құқықтары туралы «Озар елдің қызы мінезді болады» тақырыбында медбике, әлеуметтік педагог, мектеп психологі, ата-ана комитетінің төрайымының қатысуымен өтті. 8-11 сынып аралығында қыздардың құқықтарын қорғау жөнінде флеш-моб өткізді. 7-11 сынып аралығында «Зорлық зомбылықсыз өмір» тақырыбында плакаттар байқауы өтті. Сонымен қатар ФАП медбикесінің қатысуымен «Ерте жастағы жүктіліктің-болашаққа балта шабу» тақырыбында 8-11 сынып қыздар арасында жиналыс өткізді. Жиналыста жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жасөспірім жастағы жүктілік туралы бейнетаспалар көрсетіліп, баянндады. Жиналыс соңында өзара қарым-қатынас, жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, ерте жүктіліктің мәселелері бойынша оқушыларға жаднамалар таратылды. 10-11 қазан аралығында 1-6 сынып оқушыларының көмегімен жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге жиналған қаржыға даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыйлықтар берілді.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
 
 

Ұстаздар мерекесіне орай құттықтау

Автор: admin от 7-10-2019, 06:39, посмотрело: 44

0 #өзұстазыңдықұттықта

Категория: ---

 

Эко сағат

Автор: admin от 7-10-2019, 06:29, посмотрело: 93

0

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Саналы ұрпақ-жарқын болашақ

Автор: admin от 7-10-2019, 06:09, посмотрело: 53

0 Күні 1.09.19ж
Тақырыбы Саналы ұрпақ―жарқын болашақ
Мақсаты Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру
Күтілетін нәтижелер • оқушылар еліміздің ертеңі―білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді
• оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді, идеяларымен жұмыс жасауға дағдыланады
• барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді
• оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді
Қолданылатын ресурстар Интернет ресурстары, бейнежазбалар, топ ережесі
Көрнекі құрал-жабдықтар Филипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар суреттер, клей,қайшы, интербелсенді тақта
Сабақтың өту барысы Мұғалімнің іс-әрекеті
Кіріспе: Әнұран

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)
-«Көршіге-комплимент» сергіту сәті

-Әрбіриқатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді

-Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс

Топқа бөлу (1мин)
Әрбір топқа фигуралы қимақағаздар тарату арқылы 2 топқа бөлу




Негізгі бөлім: «Адал ұрпақ» суреттер (Жемқорлық туралы мәлімет алу)
«Өз құқығым» интербелсенді тақтадан оқу
Шығармашылық жұмыс «Менің саяхатым»
«Өзіме қажет-елге қажет»
«Лайықты болғым келеді» тақырыбында презентация


Ми шабуылы (5 мин)
Викториналық сұрақтар

-
Топпен жұмыс (10 мин)
Болашақта өздеріңізді қалай елестетесіздер?

Өз ойларыңызды постерге бейнелеңіздер

Сергіту сәті:

Қорытынды бөлім:

«Қаражорға»

Рефлекция (5мин)
Қорытындылау
―Балалар біз сіздермен ойлана отырып ойлауды және топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Топта бір –бірімізге сенім білдіріп бір кемедегі теңізшілер терізді жұмыс жасасақ, биік жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бүгінгі жаңа оқу жылымыздың алғашқы сабағыға белсенді қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет. Жаңа оқу жылдарыңыз құтты болсын менің алтынға тең оқушыларым!!!

Категория: Мерекелік іс-шаралар