» Материалы за Май 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңесінің отырысы.Директор есебі

Автор: admin от 20-05-2019, 22:19, посмотрело: 281

23 2019 жылдың 16 мамырында №38 Сұлутөр орта мектебінде өткен мектеп директорының Қамқоршылық кеңес алдындағы берген есебінің
№ 6 ХАТТАМАСЫ
Сұлутөр ауылы
16.05. 2019 жыл

Қатысқандар:11
1.Сұлутөр орта мектеп директоры;мектеп инспекторы,қамқоршылық кеңес мүшелері,мектеп әкімшілігі

КҮН ТӘРТІБІ:
1.№38 Сұлутөр орта мектебінің директоры А.Б.Тлеукабылованың есебі;
2.Әртүрлі мәселелер
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бекмуратова Дамира жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті.

1 Сұрақ бойынша сөз алды: Тлеукабылова Асель Бақытқызы, мектеп директоры:
Ағымдағы жылдың мектептің материалдық базасын нығайтуға, оқушыларға заман талабына сай білім, тәрбие беру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды.2018-2019 оқу жылының басында 1-11 сынып аралығында 125 оқушы білім алып,бүгінгі күнде мектеп қабырғасында 123 оқушы білім алуда. Оларға 24 педагог білім беруде. Жоғарғы санатты 5, бірінші санатты 9, екінші санатты 3, санаты жоқ 7 ұстаз. 1 сыныпқа жаңа оқу жылында 16 оқушы қабылданды. Қазіргі таңда 1-3, 5-8 сыныптар жаңартылған білім беру жүйесіне көшіріліп, қыркүйек айынан бастап электрондық күнделік пен журналға оқушылар мәліметтері енгізілді.Мектебімізде оқу жыл басында аз қамсыздандырылған,көп балалы отбасы балаларының қатарына жататын оқушыларды анықтау ережесін басшылыққа ала отырып, ақысыз ыстық тамақпен 65 оқушы күнделікті асханадан тегін тамақпен қаматамасыз етіледі.2019 жылдың қаңтарынан 25 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.Мектебіміздің оқушылары аудандық деңгейдегі әртүрлі байқауға қатысып жүлделі орынға ие болып отыр.Оқушыларымыз Сәуір айында өткен «Ғұмырдария» ХІ Республикалық ән-би байқауына қатысып І,ІІІ орын иеленіп қайтты.Осындай байқауларға қатысу оқушыларға демеушілік көмектер қажет болып отыр. «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер, мектептің түлегі Момбеков Алибек Дәулетұлы мектеп ауласына 90 түп раушангүл, 10 түп шырша, 30 түп алма,15 түп аққайың ағаштарын отырғызып мектеп ауласын абаттандыруға көмектесуде.Мектептің І қабатындағы әжетханаға жөндеу жұмыстарын жүргізуде.Осындай қайырымды азаматарымызға алғыс білдіреміз.
Мектеп 1986 жылы салынып қолданысқа берілген.Мектептің материалдық-техникалық базасы талаптарға сай болғанымен мектебіміз күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.Сіздерге осы мәселе бойынша қол ұшын беретін демеушілерді тартсаңыздар деген ұсыныс тастап отырмын.
Сөз алды: Ыдырыс Айгерім,әлеуметтік педагог
Оқу жылы аяқталып ,оқушыларды жазғы сауықтыру лагерімен қамту жұмыстары басталды.Осы орайда аз қамсыздандырылған,көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды қолдау мақсатында демеушілерді тауып қолдау көрсетсеңіздер.

Сөз алды: Бекмуратова Дамира , қамқоршылық кеңесінің төрайымы:
Бүгінгі отырыста көтерілген мәселелер бойынша шешімін табады деп ойлаймын.Мектепке көмек беріп қайырымдылық жасаудан қаша қоймас.Оларды ұйымдастыруға әрекет жасау керек деп ойлаймын.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қамқоршылық кеңестің ШЕШІМІ:

1.Мектеп директоры А.Б.Тлеукабылованың қамқоршылық кеңес алдындағы есебі негізге алынсын.
2. Жоғарыдағы көтерілген мәселелер бойынша мектепке демеушілік ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсін.


Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Бекмуратова Д.К.

Хатшы: Садвакасова Ш.Б.
Кеңес мүшелері:
Тлеубаева Э.О.
Джаутикова Х.О.
Тойгулова У.Б.
Мырзагұлов Е.Ә.
Касенова Г.М.
Кистаубаев Е.К.
Карибаева С.К.

Категория: ---

 

Қамқоршылық кеңесінің 5 хаттамасы

Автор: admin от 20-05-2019, 22:16, посмотрело: 248

14 2019 жылдың 10 Сәуірінде №38 Сұлутөр орта мектебінде өткен мектеп инспекторының Қамқоршылық кеңес алдындағы берген есебінің
№5 ХАТТАМАСЫ
Сұлутөр ауылы
10.04. 2019 жыл

Қатысқандар: 10
1.Мектеп әкімшілігі ,мектеп инспекторы, қамқоршылық кеңес мүшелері

КҮН ТӘРТІБІ:
1.Мектеп инспекторы Қ.Т.Бектурсыновтың есебі ;
2. Әртүрлі мәселелер
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бекмуратова Дамира жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті.
1 сұрақ бойынша тыңдалды: Бектурсынов Қайрат Таңатарұлы,мектеп инспекторы:
№38 Сұлутөр орта мектебінде мұғалімдердің, психологтардың, мектеп инспекторының оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас орнату бойынша бірлескен жүйелі жұмысы жолға қойылған. 10-11 - сыныптар арасында Жамбыл АІІБ-нің ӘПБ-нің ЮПТ-нің инспекторы полиция аға лейтенанты Бектұрсынов Қ.Т. «Қылмыс пен жаза», «Құқық бұзушылықтық алдын алу», 5-8 сыныптар арасында «Жолда жүру ережелері» атты тақырыптарында семинар,жиналыстар өткізілді.Мектеп ұжымымен,ата-аналармен бірлескен түнгі рейдттер өткізіліп,құқық бұзушылық анықталған жоқ.Мектепте құқықбұзушылық бойынша есепте тұрған оқушылар жоқ.
2 Әртүрлі мәселелер бойынша сөз алды:
Тойгулова Ұлсуйер, қамқоршылық кеңес мүшесі:
Мектеп инспекторының есебін тыңдадық.Балаларға құқықтық білім беру өте маңызды.Ол құқық бұзушылықтың алдын алады.Мектеп инспекторының есебін қанағаттанарлық деп есептейміз.





Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қамқоршылық кеңестің ШЕШІМІ:

1.Мектеп инспекторы Қ.Т.Бектурсыновтың есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілсін.


Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Бекмуратова Д.К.

Хатшы: Садвакасова Ш.Б.
Кеңес мүшелері:
Тлеубаева Э.О.
Джаутикова Х.О.
Тойгулова У.Б.
Мырзагұлов Е.Ә.
Касенова Г.М.
Кистаубаев Е.К.
Карибаева С.К.

Категория: ---