» Материалы за Апрель 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңесінің №4 хаттамасы

Автор: admin от 9-04-2019, 06:41, посмотрело: 415

33 2019 жылдың 29 қаңтарында №38 Сұлутөр орта мектебінде өткен мектеп директорының және мектеп инспекторының Қамқоршылық кеңес алдындағы берген есебінің
№4 ХАТТАМАСЫ
Сұлутөр ауылы
29.01. 2019 жыл

Қатысқандар:11
1.Сұлутөр орта мектеп директоры;мектеп инспекторы,қамқоршылық кеңес мүшелері,Сұлутөр ауылының әкімі,«Нұр отан» Сұлутөр ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы

КҮН ТӘРТІБІ:
1.№38 Сұлутөр орта мектебінің директоры А.Б.Тлеукабылованың
2 тоқсан бойынша есебі;
2.Мектеп инспекторы Қ.Т.Бектурсыновтың есебі ;
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бекмуратова Дамира жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті.

1 Сұрақ бойынша сөз алды: Тлеукабылова Асель Бақытқызы, мектеп директоры:
Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында мектептің материалдық базасын нығайтуға, оқушыларға заман талабына сай білім, тәрбие беру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды.2018-2019 оқу жылының басында 1-11 сынып аралығында 125 оқушы білім алып, І–тоқсанда 121 оқушы аяқтады.Бүгінгі күнде мектеп қабырғасында 120 оқушы білім алуда. Оларға 24 педагог білім беруде. Жоғарғы санатты 5, бірінші санатты 9, екінші санатты 3, санаты жоқ 7 ұстаз. 1 сыныпқа жаңа оқу жылында 16 оқушы қабылданды.Білім сапасы І-тоқсан бойынша 49% құрады.Соның ішінде -7 үздік,44 озат, үлгерім-100% болды.ІІ тоқсанды 120 оқушы аяқтады.Соның ішінде 11 үздік,50 озат, үлгерім-100%,білім сапасы -59% болды.І-тоқсанға қарағанда 10% -ке жоғарылады. Қазіргі таңда 1-3, 5-8 сыныптар жаңартылған білім беру жүйесіне көшіріліп, қыркүйек айынан бастап электрондық күнделік пен журналға оқушылар мәліметтері енгізілді.
Үйде оқытылатын оқушы саны 4.Олар 1сынып оқушысы Болат Арнұр, 2 сынып оқушысы Болат Елнұр,3 сынып оқушысы Алипбай Богдан,5 сынып оқушысы Керім Рамазан.2018-2019 оқу жылында барлық 1-11 сынып оқушылары оқулықпен қамтамасыз етілді. Оқулықпен оқушылардың 100% толық қамтылған.Мектептің материалдық-техникалық базасы талаптарға сай жабдықталған. Мектепте 20 оқу бөлмесі бар. 1-информатика сыныбы,1 лингофонды кабинет бар.Физика,химия,биология,информатика кабинеттері интербелсенді тақталармен жабдықталған. 90 оқушыға арналған 1 асхана, 1 спорт залы, сыйымдылығы 100 адамға арналған мәжіліс залы бар. Мектебімізде оқу жыл басында аз қамсыздандырылған,көп балалы отбасы балаларының қатарына жататын оқушыларды анықтау ережесін басшылыққа ала отырып, ақысыз ыстық тамақпен 65 оқушы күнделікті асханадан тегін тамақпен қаматамасыз етіледі.
Мектептің материалдық-техникалық базасы талаптарға сай болғанымен мектебіміз күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.Сіздерге осы мәселе бойынша қол ұшын беретін мецанаттарды тартсаңыздар деген ұсыныс тастап отырмын.

2 сұрақ бойынша тыңдалды: Бектурсынов Қайрат Таңатарұлы,мектеп инспекторы:
№38 Сұлутөр орта мектебінде мұғалімдердің, психологтардың, мектеп инспекторының оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас орнату бойынша бірлескен жүйелі жұмысы жолға қойылған. 10-11 - сыныптар арасында Жамбыл АІІБ-нің ӘПБ-нің ЮПТ-нің инспекторы полиция аға лейтенанты Бектұрсынов Қ.Т. «Өз құқығыңды білесің бе?», «Жасөспірім және қылмыс»,«Жолда жүру ережелері»деген тақырыптарында семинар,жиналыстар өткізілді.мектеп ұжымымен,ата-аналармен бірлескен түнгі рейдттер өткізіліп,құқық бұзушылық анықталған жоқ. Мектеп азаматтық-құқықтық тәрбие бойынша аудандық іс-шараларға қатысып тұрады.Қордай ауылында аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Мен және менің полицейім» атты республикалық акциясы өткізіліп 7 сынып оқушысы Нұрпайда Жанерке қатысып алғыс хатпен марапатталды.№38 Сұлутөр орта мектебі осы акцияға белсене қатысқаны үшін аудандық полиция бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сөз алды: Тойгулова Ұлсуйер, қамқоршылық кеңес мүшесі:
Осы мектептен білім алып түлеп ұшқан кәсіпкер,беделді азаматтарымыз бар.Мектепке көмек беріп қайырымдылық жасаудан қаша қоймас.Оларды ұйымдастыруға әрекет жасау керек деп ойлаймын.





Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қамқоршылық кеңестің ШЕШІМІ:

1.Мектеп директоры А.Б.Тлеукабылованың қамқоршылық кеңес алдындағы есебі негізге алынсын.
2.Мектеп инспекторы Қ.Т.Бектурсыновтың есебі қанағаттанарлық деп есептелсін.
3. Жоғарыдағы ұсыныстар бойынша мектепке демеушілік ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсін.


Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Бекмуратова Д.К.

Хатшы: Садвакасова Ш.Б.
Кеңес мүшелері:
Тлеубаева Э.О.
Джаутикова Х.О.
Тойгулова У.Б.
Мырзагұлов Е.Ә.
Касенова Г.М.
Кистаубаев Е.К.
Карибаева С.К.

Категория: ---