» Материалы за Октябрь 2018 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы

Автор: admin от 27-10-2018, 01:59, посмотрело: 582

46 №38 Сұлутөр орта мектебінде өткізілген
мектепішілік қамқоршылық кеңесі отырысының

№3 ХАТТАМАСЫ

Күні: 19 қазан 2018 жыл

Жиналыстың баяндамашылары:
Бектурсынов К.Т. мектеп инспекторы, Бекмуратова Д.К., қамқоршылық кеңесінің төрайымы,Унербаев Б.К. ДТІЖО, мектептің әлеуметтік педагогы Аманкелді А.А.

Жиналыс хатшысы: Садвакасова Ш.Б.
қатысқаны: 9
қатыспағандар: жоқ


КҮН ТӘРТІБІ
1.Мектеп инспекторы К.Т.Бектурсыновтың 2018 жыл бойынша есебі
2.Мектеп жарғысымен,қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарымен танысу,талқылау
3.Оқушыларды ыстық тамақпен қамту, қамқоршылық акциясы

Мектеп директоры А.Б.Тлеукабылова жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті.
Тыңдалды:
1 мәселе бойынша мектеп инспекторы Бектурсынов Қайрат Таңатарұлы баяндама оқып, 2018 жылғы атқарған жұмыстарына талдау жасады. Алдына құрған жұмыс жоспарымен таныстырып, мектеп әкімшілігімен құқық бұзушылық алдын алу мақсатында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Мектеп оқушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілді. Мектеп тәртібін ұстану, жол ережесін сақтау туралы ақпараттар берілді. Бөтеннің мүлкін алмау, суицидке жол бермеу, спирттік ішімдік, шылым, есірткі заттарын қолданбау, заңға қайшы құқық бұзушылық жасамау лекциялар оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. №38 Сұлутөр орта мектебімен бірлесе жұмыс жасалып, түнгі рейдтер жүргізілді. Баяндамасының соңында мектеп инспекторы мектеп басшысына өзіне бекітілген мектептің көптігін алға тартып ұсыныс жасады. Мектеп инспекторының баяндамасынан кейін, мектеп директоры Тлеукабылова Асель Бақытқызы өз тарапынан ұсыныстар айтып жұмысына сәттілік тіледі. Кеңес төрайымы Бекмуратова Дамира мектеп инспекторының жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беріп, бірлесе жұмыс атқаруға шақырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Тыңдалды: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К. Унербаев мектеп жарғысымен таныстырды.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бекмуратова Дамира қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 жылғы жоспарымен таныстырды.Жұмыс жоспары талқыланып,бекітілді.
Тыңдалды:
Мектептің әлеуметтік педагогы Аманкелді А.А. оқушылардың 2018-2019 оқу жылындағы оқушыларды ыстық тамақпен қамту және қайырымдылық акциясы жайлы баяндамасын оқыды. 2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында Сұлутөр ауылының №38 орта мектебінде мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі және сынып жетекшілерімен бірлесе жалпыға міндетті оқумен толық қамту айлығы аясында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Ауылымыздың азаматы жеке кәсіпкер Момбеков А.Д. 2 сынып оқушысы Сейдахметова В. аяқ киім және 3 сынып оқушысы Алимбай Ф. Оқу құралдарын, 2-сынып оқушысы Жолаушыбаева А. мектеп формасын сыйлап, өз көмегін көрсетті.
«Мектепке жол» акциясы барысында «Менің қалауым-балаларға көмек көрсету!» атты ұранымен «Жас Қанат» шаруа қожалығының басшысы А.Б.Акилов белсенділік танытуда. 9-сынып оқушысы Жарғожа Ботагөзге оқуға қажетті оқу құралдарын сыйлады.
Оқу жылында 65 бала ыстық тамақпен қамтылған.



Шешімі:
Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша:
1.Жасөспірімдер инспекторының есебі қанағаттанарлық деп есептелсін
2.Қамқоршылық кеңестің 2018-2019 жылға арналған жоспары бекітілсін
3.Тиімді тамақтану ж/е «Мектепке жол» акциясы бойынша бірлескен шаралар ұйымдастырылсын


Қамқоршылық кеңестің төрайымы: Бекмуратова Д.К
Кеңес хатшысы: Садвакасова Ш.Б.
Кеңес мүшелері:
Тлеубаева Э.О.
Джаутикова Х.О.
Тойгулова У.Б.
Мырзагұлов Е.Ә.
Касенова Г.М.
Кистаубаев Е.К.
Карибаева С.К.








Категория: Жаңалық