» Материалы за Апрель 2017 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ "Ескендір" поэмасы

Автор: admin от 11-04-2017, 22:47, посмотрело: 5708

273 «Ескендір» поэмасы Ашық сабақ
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10- сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты: білімділік – Оқушыларға «Ескендір» поэмасының мазмұнын меңгерту, идеясын ашу, поэмадағы кейіпкерлерге талдау жұмысын жүргізу, шығарма астарындағы тарихи шындықты таныту.дамытушылық - әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;тәрбиелік – оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа баулу, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі-өнеге алып,оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Абай шығармашылығына талдау жасай отырып, білімдері толығады.
2. Поэманы өз беттерімен оқып талдау жасайды.
3. Шығарманы композициясына, поэтикалық тіліне талдауға жаттығады.
Не арқылы бағаланады?
1. «Ассоциация»
2. Сатылай кешенді талдау
3. «Ойлаудың алты қалпағы»
4. Кері байланыс «Бес саусақ»
Көрнекілігі: тақтада «Даналықты іздесең,Абайды оқы,ерінбе» деген эпиграф және Абайдың портреті,қанатты сөздер жазылған плакаттар,үлестірмелі кәртішкелер, буклет,журналдар.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың өту әдісі: баяндау,сұрақ-жауап, интерактивті оқыту, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. «Ой шақыру» ст. 1-2 слайд
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,
Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ,ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Бізбенен осы күнге тілдескен кім?
Иә, бұл - Абай атамызға арналған өлең жолдары.
-Ендеше, алдымыздағы түрлі –түсті стикерлерді таңдата отырып, «Ретке келтіру» әдісі арқылы 2 топқа бөлемін.
Ұлы Абай атамызға арналған өлең жолдары екенін нақтылау үшін, қандай дәлел айтар едіңіздер?
Үй тапсырмасын сұрау: 3-4 слайд
Ол үшін өтілген материалды қайталай отырып , топтастыру әдісі бойынша екі топ та тапсырма орындайды. . (интербелсенді тақтада)
1-топ. Абайға сипаттама;
2-топ. Абай шығармашылығын топтастырады.
2 топтан да жаттаған өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтады. 5 сл.
Жаңа сабақ: 1.Қызығушылықты ояту кезеңі
«Ой қозғау» әдісі Бұл не? 6 сл.
Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айтады.(Таразы, таразыла, ой таразысы, ақыл таразысы)
- Ендеше, Абай атамыз: 7-сл.
1. Ойға түстім толғандым
Өз мінімді қолға алдым...
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым- дейді хәкім Абай.
2. Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес,
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.-деген.
Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық.
Абай поэмаларын атап, қай поэмасында таразы қолданылатындығын айтайық.
8 сл.
Бірінші тақтадағы эпиграфты оқып,бүгінгі сабақтың ерекшелігі туралы,яғни Абай поэмасынан сабақ, алып даналықты тере отырып талдау жүргізілетіні айтылады
2. Мағынаны тану кезеңі
Тақырыбы мен мақсатын таныту, күтілетін нәтиже 9-10 сл.
А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» 11 сл.
(Оқушылар Ескендір, Аристотель жайлы мәліметтер келтіреді.) 12-13-14-15 сл.
деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау.
Ескендір поэмасы – Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой- пікірлерін тереңірек танытатыны.
Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропаға Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
а) «Ескендір» дастанын мәнерлеп оқу.
Мәтінмен жұмыс 2 топ (постер жасап қорғайды)
1-топ «СКТ» (сатылай- кешенді талдау) технологиясы бойынша талдау жүргізу.
1. Авторы-Абай Құнанбайұлы
2. Тақырыбы- Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.
3. Жанр түрі-поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы-ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны-42
6.Тармақ саны-168
7.Буын саны-11-12
8. Бунақ-3 бунақты
9.Ұйқас түрі-қара өлең ұйқасы (ааба)
2-топ.Шығарманың композициялық құрылысы:
Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
Сюжеттік байланыс(дамуы) Елсіз шөлге тап болуы.
Өлдім-талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
Шиеленісуі. Алтын қорған «Бұл-Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
Шарықтау шегі. Алған сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек
.Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
1. Шығарма кейіпкерлері:Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да , философ та-Ескендір емес, Аристотель.
2.Дастанда екі образ бар. Бірі-Ескендір, екіншісі-Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.
3.«Ішке» Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам» ,білімдар, діндар, деп бағалайды.
4.«Сыртқа» Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
5.Әдеби теориялық ұғымдар:Теңеу- дарияның суындай қандар ақты; таспадай бейне арықтан шыққан құлап. Эпитет-сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.
6.Түсіндірме сөздік:
Жеміт-қанағатсыз, тойымсыз, озбыр;
Араны ашылды-тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу;
Даңғой-елірме, есер, желікпес;
Долы-ыза кернеген, булықпа, ызақор.
Ант ұру-айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз;
7.Көнерген сөз: Шаһар, патша, ғаскер, хан, бодан, өкімет, қол, қорған, қақпа, падиша, шаужай.
8. Мифиологиялық оброздар: Табиғат, жұмбақ бұлақ, алтын қақпа, күзетші, орамалға түйілген сүйек.
9.Аристотельге сипаттама
10.Ескендірге сипаттама
. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе-күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды, қанағатшыл болуға үндеу.
Бекіту: Кері байланыс «Ойлаудың алты қалпағы»
«Қызыл қалпақ» -Түйсік
Эмоция: Менің түйсіктік реакциям қандай? Мәтін туралы өз ойыңызды жазыңыз.Ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
«Ақ қалпақ»- Фактілер
Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңыз бар, тарихта болған адам. Данышпан да , философ, Аристотель, грек ғалымы, математик.
«Сары қалпақ»- Позитив
Жағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы қандай? Аристотельдің құрметті есімі, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам»
«Қара қалпақ»-Жағымсыз
Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз.Ескендір елде алмаған хан қоймады,Алған сайын көңілі бір тоймады.Араны барған сайын қатты ашылып,Жердің жүзін алуға ой ойлады.. Ескендір - Қанішер, қатыгез, тойымсыз, даңғой...
Жасыл қалпақ-Креатив
Менде қандай идеаялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?Ескендір әлемді ақылымен, білімімен, данышпандығымен жауласа болар еді.
«Көк қалпақ» -шолу /үндеу/
Әлемде тек қана бейбітшілік салтанат құрсын!Лаңкестік болмасын!Соғыс болмасын! Адам қаны жазықсыз төгілмесін...
Қорытындылау: Абай “Ескендір”поэмасы арқылы әлемдік әдебиетке үлес қосса,біз осы поэмамен танысып,талдау барысында бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинадық?
-Пендешіліктен арылуға
-Иманды болуға
-Арлы болуға
-Қанағат етуге
-Ашкөзділіктен сақтануға
-Ойланып іс жасауға
-Күлкіге қалмауға

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов : «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын.Елбасының сөзімен қорытындылау.
Үйге тапсырма:1. «Ескендір дастаны мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.
2.Шығармашылық тапсырма: “Ұлыдан-ұлағат” Абай шығармашылығы бойынша ізденіп, эссе жазу.
3.Кейіпкерлердің мінезін ашатындай мақал-мәтелдер біліп келу.









Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

денешынықтыру " Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру."

Автор: admin от 11-04-2017, 22:42, посмотрело: 778

11 Сұлутөр ауылы
№ 38 орта мектеп




















Пәні: Дене шынықтыру


Пән мұғалімі: Кистаубаев Е.К.

Сынып: 8



2014-2015 оқу жылы








Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.

Мақсаты: - Оқушыларды спортқа баулу.
- Оқушыларды баскетбол ойынына баулу.
- Допты жерге соғып алып жүру,кедергілер арасынан өтуді үйрету және допты әріптесіне беруді үйрету.
Құрал жабдық : Баскетбол доптары , кегли, ысқырық

Сынып: 7
Сабақ өтілу орны : Спорт зал .
№ Сабақтың мазмұны Уақыт қайталау Жалпы методикалық нұсқау

Ж
А
Л
П
Ы



Д
А
Й
Ы
Н
Д
Ы
Қ


Б
Ө
Л
І
М



















































Н
Е
Г
І
З
Г
І





Б
Ө
Л
І
М
1. Сапқа тұру
2. Рапорт беру , сәлемдесу.
3. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
4. Қатардағы жаттығуларды
оң-ға!
сол-ға!
арт-қа!
5.Әртүрлі қалыпта жүру
А) Қол жоғарыда аяқтың
ұшымен жүру.
Б) Қол желкеде, аяқтың өкшесімен
жүру.
В) Қол белде аяқтың сыртқы
қырымен жүру .
Д) Қол белде аяқтың ішкі қырымен
жүру.
6. Спорттық жүріс.
7. Жүгіру.
8. Тыныс алуды қалыпқа келтіру .






9. Жалпы дамыту жаттығуы



1-жаттығу. Б.қ қол белге , аяқ иық
денгейінде, 1-4 басты оңға айналдыру, 5-8 солға айналдыру.
2-жат. Б.қ аяқ иық денгейінде, қол иыққа 1- оң қолды жоғары көтеру, 2-сол қолды жоғары көтеру, 3-4 Б.қ келу
3- жат. Б.қ сол денгейде 1-2 қолды алдыға айналдыру, 3-4 артқа айналдыру
4- жат. Б.қ оң қол жоғары, сол қол төмен жұдырықты жұмып тұрамыз, 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 қолды алмастыру арқылы.
5- жат. Б.қ аяқ иық денгейінде, қол бүгулі кеудеге, 1-2 қолды бүгу арқылы артқа сермеу, 3-4 қолды жазу арқылы.

6- жат. Б.қ аяқ иық денгейінде, қол алдыға, 1-2 қолды қайшылау, 3-4 артқа қайшылау.
7- жат. Б.қ Қол белге, аяқ иық денгеінде, 1-4 белді оңға айналдыру, 5-8 солға айналдыру .
8- жат. Б.қ аяқ иық денгейінде, қолды төмен қосып ұстау, 1- оң аяққа енкею, 2- ортаға , 3- сол аяққа, 4- Б.қ келу.
9- жат. Б.қ Н.т 1 секіру арқылы аяқ иық денгейіне екі қолмен жоғарыдан шапалақ, 2- Б.қ , 3-4 қайталау
10- жат. Б.қ қол алдыға, 1- секіру арқылы оң аяқты сол қолға жеткізу, 2-Б.қ, 3-сол аяқты секіру арқылы оң қолға жеткізу, 4- Б.қ.
11-жат. Секіру жаттығулары
оң аяқпен он рет секіру
сол аяқпен он рет секіру
қос аяқпен он рет секіру
12- жат. Оң санағанша аяқтан ұстап тұру.
13- жат. Бір орнында жүгіру.
14- жат. Тыныс алуды қалыпқа келтіру.



Арнайы баскетбол
жаттығуларын жасау.

1-жаттығу. Оқушыларды сапқа тұрғызып, допты жерге соғып алып жүру әдісін үйрету және
1.көрсету
2.түсіндіру
3.іс-әрекеттің орындалуы











2-жаттығу. Оқушыларды үш топқа
бөліп,допты жерге соғып алып жүгіру
арқылы,кедергіден айналып келу.
1.көрсету
2.түсіндіру
3.іс-әрекеттің орындалуы







3- жаттығу.Допты жерге соғып кедергілер арасынан өтіп ,тік қайтып әріптесіне допты
беру.









4- жаттығу.Допты жерге соғып әрбір
кедергіден айналып, тік қайтып әріптесіне
допты беру.






5- жаттығу.Кедергілер арасынан допты жерге соғып алып жугіру арқылы әріптесіне допты беру.












6- жаттығу. Логикалық ойындар:
Оқушыларды екі топқа бөліп ,1топ Допты жерге соғып алып жугіру арқылы ,кедергінің арасынан өтіп допты қойып кеглиді алып келуі тиіс, екінші бала кеглиді ұстап ,кедергілер арасынан өтіп кеглиді қойып, допты жерге соғып тік қайтуы тиіс.












2 топ Допты жерге соғып, алып жугіріп барып торға салуы тиіс,егер доп калцоға түспесе, онда ол бала бұрышқа барып он рет отырып тұрады. 10






1I



15II



1I








1I
3I
15II






8I



2-3 рет


3 рет


4-5 рет


4-5 рет



6 рет



6 рет


6-7 рет


5-6 рет


7 рет


7-8 рет

30 рет


10 II
20 II
10 II







3I


3I
















3I












3I












4I









3I














5I

















Рапорттың дұрыс берілуін қадағалау, спорттық киімге көңіл бөлу.





Қолды тік ұстап тұру.


Денені тік ұстап жүру.



Денені тік ұстап жүру.



Бір қалыпты және қолды жоғары көтеру арқылы ауаны ішке жұтып, қолды төмен түсіру арқылы сыртқа шығару.







Көзді жұмбай жасаймыз


Денені тік ұстап тұру


Денені тік ұстап тұру


Қолды түзу ұстау



Денені тік ұстау



Қол иық деңгейінде


Денені тік ұстап тұру


Аяқты бүкпей жасау


Денені тік ұстап тұру


Қолдың төмен түсіп кетпеуін қадағалау





Аяқты бүкпей тұру










Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау
Қ
О
Р
Т
Ы
Н
Д
Ы

Б
Ө
Л
І
М 1.Сапқа тұрғызу
2.Оқушыларды түгелдеу
3.Үй тапсырмасын беру
4.Бағалау










5I
Сабаққа қысқаша анализ жасау
















Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

Семинар - практикумның тақырыбы: « Мектепте патриотизмге, интернационализмге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құрметтеуге тәрбиелеу формалары мен әдістері түрлері» .

Автор: admin от 9-04-2017, 23:08, посмотрело: 531

11

            

 

 

 

 

 

 

   Қордай ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті

 

                                              № 38 орта мектеп

 

 

 

Семинар - практикумның тақырыбы:

 « Мектепте патриотизмге, интернационализмге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құрметтеуге тәрбиелеу формалары мен әдістері түрлері» .

 

 

 

 

 

                                                 Мақсаты:

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Оқушылардың Алғашқы әскери дайындық пәніне танымдық қызығушылықтарын арттыру;

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Оқушылардың интеллектуалдық сапасын және ойлау қаблеттерін дамыту;

 

<!-- [if !supportLists] --> ·        <!-- [endif] --> Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудағы іс- тәжірибелермен алмасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Семинар – практикумның жұмыс жоспары

 

 

 

             Мазмұны

  Сыныбы

Уақыты

Өтетін орны

       Жауаптылар

 

1.

 

Семинарға қатысушыларды тіркеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№38 орта мектеп

 

 

Ж.Д.Жолаушыбаева

 

 

 

2.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Радиациялық және химиялық барлау мен бақылау аспаптары».

 

       

 

   

        11

 

 

 

 

10.00-10.45

 

 

 

 

АӘД пән мұғалімі Е.К.Кистаубаев

 

 

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

 

 

Ауған соғысының аяқталуына 27 жыл.

Сабақтан тыс іс-шаралар.

 

 

 

 

 

 

 

7,8,9,10,11

  сыныптар

 

 

 

 

 

 

 

11.00-12.30

 

 

 

 

 

АӘД пән мұғалімі Е.К.Кистаубаев;

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Н.К. Иманбаева;

Д/ш мұғалімдері.

 

4.

 

Өткен іс-шараларды талқылау. Әртүрлі сұрақтар.

 

 

 

12.45-13.30

 

АӘК әдіскері

Мырзагулов А.

АӘД пән мұғалімдері.

 

 

 

 

 

 

 

                                           Аты жөні:    Кистаубаев Ершат Кадырбекович

                                    Туылған жылы:11.06.1967ж.

                                     Бітірген оқу орны: М.Хайдар Дулати атындағы Тараз 

                                                                                   Мемлекеттік Университеті.

                                    Мамандығы: Дене шынықтыру және Алғашқы әскери дайындық  

                                                                                                                             пәнінің мұғалімі.

                                    Еңбек өтілі: 20 жыл

                                    Біліктілік санаты: бірінші

 

Марапаттары

 

<!-- [if !supportLists] --> 1.      <!-- [endif] --> Қордай аудандық білім бөлімінің Мадақтау грамотасы, 2010 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 2.      <!-- [endif] --> Қордай аудандық Ауған соғысының ардагерлер бірлестігінің Құрмет грамотасы, 2011 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 3.      <!-- [endif] --> Аудандық Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің байқауынан  І орын, Алғыс грамотасы, 2012 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 4.      <!-- [endif] --> Аудандық Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің байқауынан ІІІ орын, Мадақтама грамотасы, 2014 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 5.      <!-- [endif] --> Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының,Мақтау грамотасы, 2014 жыл.

<!-- [if !supportLists] --> 6.      <!-- [endif] -->  Қордай аудандық білім бөлімінің Мақтау грамотасы, 2015 жыл.

 

 

             <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->     <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->       <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->                                              

 

       <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->      <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->        <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

       « Радиациялық және химиялық барлау және бақылау аспаптары».

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:

Оқушылардың радиациялық және химиялық аспаптардың құрылымын, қасиеттері мен арналуын, жұмыс принциптерін, аспаптарды күтіп ұстау және сақтау ережелері туралы білімдерін пысықтау.

 

Дамыту:

 Оқушылардың ой-өрісін, іскерлігін, шығармашылық қаблетін және АӘД пәніне қызығушылығын арттыру.

 

Тәрбиелік:

Патриоттық сана-сезім қалыптастыру және әскери тәртіпке тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: меңгеру сабағы;

 

Сабақтың түрі: зерттеу сабақ.

 

Әдіс-тәсілдер: Жаңа оқыту  технолногияны қолдану.

 

Керекті құрал-жабдықтар:

  - ДП-5В – дозиметрлік аспабы; химиялық барылау әскери аспабы(ХБӘА); компьютер; .

 

 

                                                              Сабақтың жоспары:

 

 

      1.Ұйымдастыру кезеңі;

      2. Үй тапсырмасын қайталау; 

      3. Негізігі бөлім. Жаңа тақырып.Зерттеу сабағы.
      3.Қорытындылау. Бағалау.

      4. Үйге тапсырма беру.

                                                        

                                                                 

 

 

                                                                Сабақ барысы:

 

                                                Ұйымдастыру кезеңі:- 10 мин.

 

1)  Взвод командирдің рапорты.Сәлемдесу. Әнұранды орындау. Түгелдеу.  Оқушылардың сыртқы киімдерін тексеру. Взводты екі топқа бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                           Негізгі бөлімі- 25 мин.

                                              

                                                

                                              Үй тапсырмасын қайталау - 6 мин

 

Бейнефильмдердің үзінділерімен жұмыс;

Санитарлық өндеу түрлері(Дегазация; дезактивация; дезинфекция).

 

<!-- [if gte vml 1]>

Биологиялық

(бактериологиялық)

қару.

<!-- [if !vml] --> Прямоугольная выноска: Биологиялық (бактериологиялық) қару. <!-- [endif] --> <!-- [if gte vml 1]>

дезактивация

<!-- [if !vml] --> Овальная выноска: дезактивация <!-- [endif] --> <!-- [if mso & !supportInlineShapes & supportFields]> SHAPE \* MERGEFORMAT <!-- [if gte vml 1]>

дегазация

дезинфекция

Химиялық қару.

Ядролық қару

<!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->
<!-- [if mso & !supportInlineShapes & supportFields]>

 

Тірек сызбанұсқасымен жұмыс – оқушылар сызбанұсқа бойынша сипаттама береді.

 

 

                                   Аспаптармен танысу-10 мин

               

 Радиациялық (ДП-5В)  және химиялық (ХБӘА) барлау,  бақылау аспаптармен танысу.

                   Бес минөттан кейін аспаптармен алмасу. Оқушылар аспаптарды зерттейді.           

                   Дәптермен жұмыс.

 

                                     Презентация және түсіндіру  бөлімі -13 мин

 

 Мұғалім ДП-5В және ХБӘА аспаптардың құрылымымен, тағайындалуымен, жұмыс принциптерімен қосымша таңыстырады.

   Мұғалім ренгенометр- радиометрін көрсетеді және аспаптың гамма – сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдануы гамма-радиация деңгейлерін өлшеуге арналғанын түсіндіреді. Гамма-сәулелену қуаты (радиация деңгейі) аспаптың тиісті белгісі орналасқан кеңістік нүктесі үшін миллирентгенмен немесе 1 сағаттағы рентгенмен анықталады. Бұған қоса, бета-сәулеленуді табу мүмкіндігі де болады.

Аспапты жұмысқа дайындау кезінде:

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> кезектілікті сақтай отырып қоректендіру көзін қосу, ажыратып- қосқыш тұтқасын «Режим бақылау» жағдайына қою, бұл ретте аспап меңзері боялған секторда орнығуы тиіс;

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> қоректендіру бөлігінің қақпағын жабу, қаптама белдікті тағу жіне аспапты кеудеге орнату, оған бас телефондарын қосу;

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> детекторлау блогының экранын «К» жағдайына (контроль-бақылау) қою.

Қосымша диапазондар ажыратып-қосқыш тұтқасын х1000, х100, х10, х1, х0,1 қосымша диапазонына кезектестіре әкелу. Бұл ретте х1000, х100 қосымша диапазондарында меңзер ауытқымауы мүмкін, бірақ телефонда шықылдар естіледі және аспап меңзері тербелуі тиіс;

<!-- [if !supportLists] --> -          <!-- [endif] --> экранды «Г» жағдайына қою, ұзартқыш тіректі белдікке бекіту.

Аспаптың барлық қосымша диапазондарда дыбыстық сигналдандыру болады.Есептеудің кепілдік берілетін ділдігін алу үшін қажетті аспап көрсетулерін белгілеу уақыты (қлшеу уақыты) 45 сек-тан аспайды.

   Аспапты қоректендіру үш КБ-1 қоректендіру элементтерімен жүзеге асырылады. Межелікті жарықтандыру үшін тағы да бір осындай элемент пайдаланылады. Жинақталым қалыпты жағдайларда жаңа элементтерді пайдаланған кезде 55 сағ-тан кем емес уақыт ішінде үздіксіз жұмыс істеуге қаблетті.

  Аспапта кернеуі 12 және 24 В тұрақты тоқтың бөгде қоректендіру көздерінен қоректендіруге мүмкіндік беретін көшпелі кернеу бөлгіш бар. Аспаптың массасы 3,2 кг-нан аспайды.

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->    І – топ. ДП-5В аспапты зерттеу кезінде

 

 

Алдымен ХБӘА-ның сыртқы бейнесін көрсету керек және оның ауада , жергілікті жерде, сондай-ақ техникада зарин, заман, иприттің, сондай-ақ ауада \/ газының, фосгеннің, дифосгеннің, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның булары бар екендігін анықтауға арналғанын түсіндіру керек. Массасы – 2,2 кг-дай.

  Аспап жинақталымына үш түрлі индикаторлық түтікшелер кіреді: заман, зарин мен

 \/ газының бар екенің анықтауға арналған бір қызыл сақина мен қызыл нүкте; фосген, дифосген, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның бар екендігін анықтауға арналған бір сары сақина. УЗ-ны анықтау кезінде қоршаған ауа температурасы төмен болса индикаторлық түтікшелерді қыздырғыштарда -10 град.С-тан + 15 С-қа дейін қыздыру қызметін атқарады. Температура +15 С-тан төмен болған кезде спиртке түтікшелерді қыздыру үшін; температура 0 С және одан төмен болған кезде заман үлгілі УЗ-ға түтікшелерді қыздыру үшін; индикаторлық түтікшелердегі ампулалардың құрамын еріту үшін пайдаланылады.

Екі-үш оқушыдан аспап құрылысын қалай меңгергенін сұрап тексереді.

 

 &

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

 

"Ұлы күнді күткен күн!" атты іс-шара /Ұлы жеңістің 71 жылдығы/

Автор: admin от 8-04-2017, 02:47, посмотрело: 1139

59

"Ұлы күнді күткен  күн!"

(Ұлы жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты сап)

Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, мәнерлеп оқуға үйрету.

Сөздік қорлары мен ой – өрісін, әртістік қабілеттерін дамыту.

 Отанға деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрете отырып, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

Түрі: сахналық қойылым

Қатысушылар:  7-9-10-сынып оқушылар

Кіріспе сөз:  І жүрг:

 Ұлы кешке сенген күн,

 Фашистерді женген күн.

 Ағаларға ерген күн,

 Ұлы күнді күткен  күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Ұлы күнді күткен  күн!» атты Ұлы жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты сабымыздың  ашылу рәсімін мектеп директоры Тлеукабылова А.Б. қызына сөз беріледі.

Ендігі кезекте сахналық қойылым спектакль концертімізді тамашалаңыздар

  Кіріспе сөз Е-е-е, дәрен-ай деген ол кезде мен хат тасушы бала едім.Мына хатта,әр жылдың ғұмыры бар.71жыл бойы жігерімді жаныған,жүрегіме қан,жаныма жан қосып,қанатыма қанат бітірген тылсым күш пен рух бар. Әр жалында тарих,әр сөзінде тағдыр, әр әрпінде ар намыстың рухы бар.Бейғам халық, бейбіт күн!

Ағам, мектеп бітірісімен –ақ, колхоздың егістік алқабында 2 жыл механизатор болып жұмыс істеді.Ендігі үлкен сапарға, оқуға  аттанамын деп жүрген кезі. 1941жылдың маусым айы, ағам бұл күнді  ұзақ күткен, аңсаған  арманына жетуге қол созым ғана уақыт қалғандай сезініп, өзін қоярға жер таппай тағатсыздана толқитын. Міне, сол күнде келіп жетті.Бірақ, бірақ дәл сол күні, бұлтсыз ашық күні, аспаннан төбесіне жай түскендей болды.Ар жағы, құдды  түс көргендей.

Вальс ойнап тұрады. Сахнада түлектер жұптасып билеп жүр. Олар жай, ақырын әңгімелесуде.

Кенеттен музыка тоқтап, сырттан авиабомба, снарядтардың жарылған дыбысы естіледі. Қыздар қорыққандарынан қолдарымен басын бүркіп тұр. Ал жігіттер оларды құшақтарына қысып, қорқыныштан сақтағысы келеді. Бәрі жан-жақта.

Радиотораптан диктор Левитанның қатқыл дауысы естіледі.

1-жүргізуші: Адамдардың тыныш өмірі бұзылды. Арман, махаббат, бақыт – бәрі өртке өртенгендей бір сәтте сөнді де қалды.

 (ақ түсті көйлек киген қыз балалар сүйіктілерін құшақтап, жылап тұр.)

Ән: Хор  "Священная война":

Вставай, страна огромная,
Вставай на смертный бой
С фашистской силой тёмною,
С проклятою ордой!

Пусть ярость благородная
Вскипает, как волна!
Идёт война народная,
Священная война!

Пусть ярость благородная
Вскипает, как волна!
Идёт война народная,
Священная война!

 5) Қойылым: «Ананың баламен қоштасуы»

Ағасы:  -Есжан, апаң мен жеңгеңе қарайлас.

О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде  көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!

Баласы:

Апа! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам! Анасы:  - Құлыным!

Анасы:         Аман барып, аман келші (жылайды,кел. мен баласы сүйемел. )

 (Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады)

6) Ән: Хор «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

 7) Көрініс:  «Анасының хаты» (Сағыныш хат)

Құлыным, аманбысың! Тағдырдың тажал төбетін тымақтай сілкіп жүрмісің?...  Қайтейін , қарғам-ау , сені аялап өсіріп, енді азамат болғанда, ажалмен айқасуға  шығарып салам деп, үш ұйықтасам түсіме кірді ме екен!? Бүгін таңға жуық көзім ілініп кеткен екен, дәл құлағымның түбінен,«апа ,уайымдама! Мен Жеңіспен ораламын»  деген дауысың анық естілді.

Ия,ия... жарығым, тілегің қабыл болғай жарығым!... Өйткені сен, сен біздің ошақты ғана емес...  Мына, мына қалың еліңнің үмітінің сәулесін жағуға тиіссің! Білем мұндай қан төгіс құрбандықсыз болмайды. Бірақ, менің үмітімнің сәулесі сен сөнуге тиіс емессің! Сені,  мен түгіл мына үйдің іргесіндегі өзің су тасып жүріп салған жалғыз аяқ соқпағың да күтеді.Сен анау, алақаныңнан қант беріп үйреткен қасқа құланың да сағынып, іздеп, кісінеп қояды.Тіптіііі,  мынааа тозығы жеткен есікте,  желп еткен желге, сен келгендей сықырлап ашылады. Ия сен келесің, қайтар жаудың бетін, сен Жеңіспен орласың! Мен,сол күнді күтем , құлыным!

 

Ән:  «Ана туралы баллада» 11-с. оқуш.Қабылтай Ж.

Көрініс:  « Жастар монологі» (қыз бен жігіт)

Қыз:  Қараңғы түн, біраздан бері сен менің  айнымас серігіме айналған едің.Менің жарымды қоюлығыңмен қорғай жүр. Жаным сезесің бе?Мен сенің жолыңа  ай болып, нұр төгемін .

 Жігіт:  Жарық дүние! Сенің мынау  түнгі  жарығың, менің жарымның сезім   сәулесі секілді, сөндіре көрмеші.

Қыз:  Мен сенің тынысыңда,  түннің тылысымынан, жанның шуағын, атқан таңнан сеземін.

Жігіт:  Шығарып салған  күн әлі  менің  есімде. 

Аналардың зарынан  құлақ  тұнған ,

Алдымызда беймәлім  сынақ тұрған.

Сен  жәудіреп,  қол  бұлғап  қалғаныңда

Жүрегімде жапырақ  жылап  тұрған.

Қыз:  Өміріме сыңар қылып  тағып  кеткен сезімің ,

Жүрегіме  тұмар қылып  тағып  кеткен сезімің

Менің темір қазығым...

Шіркін, өмір  мұнша неге  келістең!?

Сынағыңа қарай  алар мені  үстем 

Махаббатым  сыналса да,  жылдармен мәңгі  өзіңді, күтумен   келіскем.

Жігіт:  Келем , күнім . Мені күткен  періштем!

Би: 1.  (попури)  «Яблочко», (10-с                            )

              2. «Синний плоток»    ( 9-с қыздары)

 Көрініс: « Інісінің сәлемдемесі» ( 7-с оқуш. Абылай)

Інісі:  Мен ағама, не  жіберсем  екен?...

Ағам  қымызды  жаксы көруші  еді. Бірақ, жеткенше  ашып кетер ме  екен? Әттең,  жанымды жібере  алсам ғой!  Шүберекке түйіп, оны да беріп жіберер ем! Амал қанша... Анам құрт , ірімшік, жент салып жатыр.Ал, жеңгем, жылы киімдер салып жатыр.Ал, менше?...

Ағама жеткізіңіздерші...

        Би.  «Три танкиста»         (10-с қыздары)

 Көрініс: «Пошта келген сәт»

Солдат:  Пошта келді, пошта!

-Иманғалиев,мә.Жақыпбеков

-Мен

-Мә, ұста.Мұсаев

-Мен

-А-а-й-й-й, бәәәрекееелді мәәә!

-Нүркен! Нүркен!... Нүркен кайда!? Нүркен, саған келді, бауырыңнан  Нүркеен, Нүркееенн! (командир шығады)

Командир:-Нүркен, ол (кідіріп тұрып) ол, Нүркен, енді бауырының сәлемдемесін ала алмайды(музыканың дауысы шығады)

Ол, енді мәңгі оралмайды еліне!

Ол, енді... жарын құшып, баласын сүйе алмайды!

Ол, енді...Ол, енді, туған жердің төсінде тұлпар мініп, көкпар тартпайды.Ұлының ат жалын тартып, мініп азамат болғанын да көрмейді. Кешегі қанды шайқаста... Нүркен мерт болды! Ол қаруластарын құтқарды.Өзі ерлікпен қаза тапты. Кек сақтап жүректерінде, Оқ сақтап сүйектерінде,Өмірге өздерін беріп, көз жұмды.

Ол мәңгілік Жеңісті жакын еткендер!

Тым ерте сөніп кеткендер!

Сөнбейтін алау барына мәңгілік сеніп кеткендер!

Елі үшін, құрбан болғандарың үшін,

Мәңгілік үнсіз қалғандарың үшін,

Мәңгілік от боп жанғандарың үшін! Еске алып, бір минут үнсіз тұрайық!...(үнсіздік)

Қарлығаш сөйлейді  :

 Кестені оюлап тұрып  тігетін саусақтарым.Күннің күнінде мылтықтың шүріппесін баса-баса сүейелденеді деп кім ойлаған... Қобданың суында  еркелеп жүзіп, бақытты күндерімді соғыс ұрлайды деп , кім ойлаған. Шыбынды шүберекпен қуып жүріп,өлтіруге қимайтын ет жүрегім қорғасын боп, оққа айналады деп, кім ойлаған. Қолым менің қанға  малынды бірақ, мен адам өлтірген жоқпын... Адам кейпін жамылған хайуанды көздедім, фашизмге оқ аттым. Бәрі де Жеңіс үшін

Боолашааақ үшін!

Отааан үшін!

Ән. «Әлия» (11-с. Жансая)

Би:  «Катюша»    9-с қыздары

Ән:  «Журавли»  Жансая 11-с.

   Есжан сөйлейді (7-с. Абылай)

Есжан:  Бесіктен беліміз  шыкпай жатып, қу соғыстың жүрегімізге салған жарасы неткен ауыр еді. Мен күні бойы ағам аман –есен келсе екен деумен болатынмын. Мен, көп күттім , сол күнді. Зарыға, апам күтті. Жәутеңдеп, жеңгем күтті.Бүкіл халық күттіі!

Келді сол күн, жетті Жеңіс күні!

Келді сол күүүнн!

Қорытынды сөз: Бірақ бұл күні мен ағамның мойынына  асыла алмадым.Орден, медаль толған кеудесін қыса алмадым. Мен бұл күні ерлікпен қаза болған ағамды қалтасында қалып қойған соңғы хатын оқып, жыладым. Жыладым да жұбандым, Жеңіс жетті деп қуандым! Ағамның аңызға айналған ерлігіне сүйсіндім.Бірақ, сағынышымды баса құшақтап, емірене сүйе алмағаныма күйіндім...

 Бұл хатта  қан мен тердің иісі,

 Жеңістің желбіреген жалауы.

Сенімі сөнбеген жүректің алауы бар. Бұл хатта асқақ арман мен қасиетті аманат бар.

Ол бейғам да бейбіт күн.

Алапат айқас біткен күн

Жеңістің туын тіккен күн

Бақыт пен мұң, шер аралас жетті ғой елге, жетті ғойййй  елге-е-е күткен күн!

Бәрі бірге сахнаға шығып: « День Победы»

«Әр қашан күн сөнбесін»

 

 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ "Жіктеу есімдіктерінің түрленуі" 7-сынып

Автор: admin от 8-04-2017, 02:44, посмотрело: 813

3

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдіктерінің түрленуі.

Сабақтың мақсаты: білімділік - Оқушының есімдіктен алған білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру, бағалау, жіктеу есімдіктерінің түрленуін түсіндіру; тәрбиелік - оқушылардың қызығушылығын арттыру, ақыл - ой, парасат тәрбиесін беру; дамытушылық - оқушылардың ақыл - ойын дамытатын әңгіме, мақал - мәтел, жұмбақтар, грамматикалық ойындар пайдаланып, ой - өрісін дамыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың типі: жаңа білім қалыптастыру.

Көрнекілігі:оқулық, интербелсенді тақта арқылы слайдтар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, халықтық педагогика.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Үй тапсырмасы: Есімдіктерді қатыстырып сөйлем жазу.

Пысықтау сұрақтары:

1. Есімдік дегеніміз не?

2. Есімдік мағынасына қарай қалай бөлінеді?

Жаңа сабақ.

 

Жіктеу есімдігі.

Белгілі бір заттық ұғыммен

байланысты қолданылады.

Жекеше-----Көпше

Мен--------- Біз, біздер

Сен ---------- Сендер

Сіз ----------- Сіздер

Ол ------------ Олар

 

Мысалы: Мен - балаң, жарық күнде сәуле қуған...

Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек. (А. Байтұрсынов).

Қазақстанның болашағы сенің қолыңда, жас ұрпақ!

Ол - елдің тірегі.

 

Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі және жіктеледі.

Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі төмендегі кестеден көруге болады:

 

Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:

1. ілік барыс, табыс, шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады;

2. жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н - ға айналады;

3. көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында – ы, - і дәнекері пайда болады;

4. барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге – ған түрінде жалғанады.

Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.

Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі:

 

Сынып ішінде 77 - жаттығу орындалады. Сен құрметте оны.

1. Тапсырма. Жұмбақтар. Есімдіктерді тап.

Маған да, саған да,

Жақын туыс - бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан,

Бәрі де өз жұратың,

Айтады кәне: кім атын?

 

2. Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» атты өлеңінен жіктеу есімдігін тауып, талдаңыз.

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,

неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

 

3. "Қазақстан менің Отаным оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын” (Нұрсұлтан Назарбаев)

 

4. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңыздар. Ақындардың өлеңдерінен үзінді келтірейік.

1) Бақыт деген -... бала күндерің,

Бақытсыз – ақ бақытты боп жүргенің. (Мұқағали Мақабаев)

2)... қазақпын, мың өліп, мың тірілген. (Тұманбай Молдағалиев)

3)... жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ барды ертегіні термек үшін.( Абай Құнанбаев)

 

Бекіту.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 79 – жаттығу. Ақындардың өлеңдерінен үзінді келтіріп, есімдіктерді табу.

<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->   <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->   <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  

Категория: Жаңалық